Құс тұмауы

       Құс тұмауы (лат. Grippus мауы avium) – бұл құстардың классикалық обасы, өткір жұқпалы вирустық ауру, ол ас қорыту, тыныс алу органдарын зақымдайды, шамамен 56% өліммен аяқталады. Құс тұмауының вирустары жабайы және үй құстарында, жылқыларда, шошқаларда кездеседі. Жабайы құстар (әсіресе суда жүзетін үйрек, қаз, аққу және т. б.) әдетте құс тұмауымен ауырмайды, бірақ індеттің таралу көздері болып табылады. Үй құстарды құс тұмауына шалдыққан жағдайда ауру жасырын түрде өтіп, құстардың өліміне соқтырады. Құс тұмауының вирусын адамдардың алғаш жұқтыруы 1997 жылы Гонконгта тіркелген. Онда құс тұмауы вирусының Н5N1 түрімен 18 адам науқастанып, алтауы қайтыс болған. 2003 жылы құс тұмауы Вьетнамда, Камбоджада, Қытайда, Индонезияда, Лаоста, Пәкістанда, Кореяда, Таиландта, Тайвань мен Жапонияда тараған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, 2003 жылдан бері құс тұмауымен 100 адам сырқаттанған, олардың жартысының көбі өлген. Ресми деректер бойынша, 2005 жылдың 7 айында әлемде құс тұмауына шалдыққан 67 адам тіркелген, аталған кеселге негізін 25 жасқа дейінгі жастар шалдыққан, ол кеселге шалдыққандардың 70% құрайды. Оның ішінде 25 адам өлген. Осы уақытқа дейін вирустың адамнан адамға жұғуы анықталмаған. Сырқаттанғандардың бәрі ауруды құстардан жұқтырған. Вирустың мутациялық өзгерістерге ұшырауына байланысты оның вирулентігі күшейген. Құс тұмауының вирусының таралуы жабайы құстардың көктемге және күзге ұшу бағытына байланысты.

       Құс тұмауы қалай жұғады: Құс тұмауы вирусы басқа жануарларға көбінесе қоныс аударатын құстар – негізінен суда жүзетін үйректер арқылы жұғады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) хабарлауынша, адам ауруды құсты ұстаған жағдайда немесе ластанған қоршаған ортада жұқтыруы мүмкін. Алайда, вирус адамнан адамға жұқпайды.Құс тұмауына шалдыққан науқаста байқалатын белгілер кәдімгі тұмаудың белгілеріне ұқсас.

       Үй құстарындағы ауру белгілері және ағымы: Қазақстан Республикасының 24 ауданы, оның ішінде Оңтістік Қазақстан облысының Шардара, Мақтарал, Сарыағаш және Арал аудандары суда жүзетін құстардың күзге ұшу жолында орналасқан. Осы аудандарда құс тұмауы вирусының таралу қаупі жоғары. Құс тұмауына шалдыққан науқаста байқалатын белгілер кәдімгі тұмаудың белгілеріне ұқсас. Үйреншікті зертханалық тексерулермен вирус Н5N1 штаммы анықталмайды, сондықтан дұрыс диагноз кеш қойылуы мүмкін. Диагноз қойылғанға дейінгі аралықта ауру асқынып, геморрагиялық пневмония, өкпе-жүрек жеткіліксіздігі, өкпенің қабынуы, энцефалопатия белгілері байқалады. Ауруды жұқтырған кезден оның дамуына дейін, әдетте, 20 сағаттан 2 күнге дейін өтеді. Құстар күрт жұмыртқаламай қояды, әлсірейді, шөлдеп, аш болады. Қауырсындары үрпиіп, дене температурасы 44 градусқа дейін көтеріледі. Кейде диарея, сіңір тартылу жағдайлары орын алады.

        Құс тұмауының алдын алу шаралары: Құс тұмауы үй құстары арасында жіті,кейде жасырын өтетіндіктен, ауырған құстарға емдеу шаралары жүргізілмейді.Өлген құстармен бірге болған құстарды өлтіріп,өлекселерін өртеу арқылы аурудың таралуын тоқтатуға болады. 1997- 1999 жылдардағы індеттерден кейін құс тұмауына қарсы вакциналар дайындала басталды, олар клиникалық сынақтардан өтуде. Үй құстарын вакциналау аурудың алдын алу үшін жүргізіледі және бұл құс өсіру барысында құстар мен адамдар үшін қауіпті аурулардың таралуын болдырмауға септігін тигізеді.

       Бүгінгі күнде аудан көлемінде құс тұмауының таралуының алдын алу үшін төмендегі іс-шаралар жүргізілуде. Шетелдерден және құс тұмауы тіркелген аудандардан құс өнімдерін тасымалдауға тыйым салынған. Ветеринариялық қадағалау, залалсыздандыру талаптарын күшейту.Жеке үйлерде үй құстарын күтуде арнайы киім, бетперде кию, оларды күнделікті залалсыздандыру, құс тұмауына күдікті, ауырған құстарды басқаларынан жеке оқшаулап, мал дәрігеріне хабарлау, өлген құстарды өртеу, мұздатылған құс өнімдерін асқа пайдаланғанда гигиеналық және басқа аспаптарды қолдануда санитарлық талаптарды қатаң сақтау қажет.

Ә.Ибрагим,

аудандық аумақтық инспекциясының

ветеринариялық санитарлық инспекторы.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password