Рухани қазына

            Райымбек аудандық кітапханасы 1936 жылы құрылған. Кітапханаға қарасты 9 кітапхана жұмыс істеп тұр. Қазіргі таңда тоғыз мыңға жуық оқырманы, 113939 кітап қоры бар.

Кітаптың үлкенге де, жасқа да берері мол. Әр тұлға, әр халық рухани жаңғыруға кітапсыз қол жеткізе алмайды. Кітаптың қасиеті мәңгілік. Себебі, «Дамыған ел кітап оқиды, дамушы ел теледидар көреді» деген қағида бар. Кітап оқу -мәдениеттіліктің шыңы. Осы сөзімізге Ғ.Мүсіреповтың «Кітап оқымаған адамды мәдениетті, интелегент адам деп айтуға болмайды» деген сөзі айқын дәлел. Кітаптың қадірін білген ұлы адамдардың нақыл сөздері кітаптың мерейін асырып жібереді. Сондықтан да, кітапхана жұмысы мен кітап түрі қаншалықты дамыса да, кітап оқуды насихаттау кітапханашы үшін басты мақсат болып қала береді.

        Кітапханашылар еліміздегі болып жатқан төтенше жағдайда да өз белсенділіктерін көрсетті. Қоғам белсенділері, ақын – жазушылар, театр актерлары және өнер майталмандарымен онлайн сұхбат жасап,  жаңа жұмыстары арқылы өз оқырмандарын көбейтуде. Осылайша оқырман мен танымал тұлғалар арасында алтын көпір бола білген кітапханаға атап айтар болсақ, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық «Жамбыл» атындағы сыйлықтың лауреаты, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Жұмабай Шаштайұлымен,  Бірнеше мүшайралардың жүлдегері, «Жас Отан – жастар қанаты» төсбелгісінің иегері, О.Досбосынов жүлдесіне орай ұйымдастырылған ақындар айтысының бас  жүлдегері Жәмали Айбынмен, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, «Ғибрат», «Тағылым», «Жоржияның жұмбақ әлемі» кітаптарының авторы Жексен Алпартегімен, жас жазушы, драмматург, «Махаббатым Constant» кітабының авторы Рахат Әлішермен, Ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Еркін Ібітановтың туғанына 85 жыл толуына орай жары Ысқақова Алтынкүл апайымызбен, ҚР мәдениет қайраткері, ҚР Ақпарат саласының үздігі, Алматы облыстық «Жетісу» газетінің бас редакторы, «Ай-зере», «Жалғыз жүрек- сан сауал», «Дәстүрлі дидарым» кітаптарының авторы Әміреев Жұматай Оспанұлымен, Қазақстан жазушылар одағының әдебиетшілер үйінің директоры, Халықаралық «Дарабоз» конкурсының екі мәрте 1 орын иегері, «Алтын тобылғы» сыйлығының гранпри иегері, «Раушан ерте гүлдейді», «Өлі ара», «Мейірім», «Қараторғай», «Бейкүнә күнәһарлар», «Мөп-мөлдір көздің қарасы», «Мен романтик емеспін» кітаптарының авторы    Бейбіт Сарыбаймен, Қазақстан Жазушылар  одағының мүшесі, біршама халықаралық, республикалық байқаулардың жеңімпазы, «АЛТЫН ТОБЫЛҒЫ» байқауының лауреаты, «Мен емеспін» жыр жинағының авторы Нұртас Тұрғанбекпен, Халықаралық  «Шабыт» фестивальінің Гранпри иегері, ҚР Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, «Текес теріс ағады», «Көршінің қызы» атты кітаптардың авторы жазушы, журналист Әбілқайыр Қанат Бірлікұлымен т.б. әдебиет майталмандарымен онлайн кездесу арқылы оқырмандарға шығармашылығы насихатталып, әдемі әңгіме өрбіді. Сондай-ақ, өнер саласы бойынша,  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академикалық драма театрының актеры Бауыржан Қаптағаевпен, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының әртісі, театр және кино актеры жақын күндері ішінде өмірден озған жерлесіміз Дархан Дайырбекпен, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, Дарын мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Райымбек ауданының Құрметті азаматы,  суретші, ұстаз, ғалым Қожағұлов Тоққожа Мұқажанұлымен, Жайдарман жастар лигасының чемпионы, әзілкеш теле жобаларының резиденті, автор, актер Анарбай Еділмен, ҚР еңбек сіңірген әртісі, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Құрмет орденінің» иегері, Алматы облысының және Райымбек ауданының Құрметті азаматы Сұлушаш Нұрмағамбетовамен, ҚР Мәдениет қайраткері, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, Республикалық, облыстық көрмелердің жүлдегері Искаков Нұрболат Сәйдінұлымен онлайн сурет көрмесі, Жас суретшілер одағының мүшесі, Кипрдің Аласиа жастар сыйлығының иегері, Алматының жас суретшілері конкурсының бас жүлде иегері, Кипр астанасы Никосияда жеке көрмесін өткізген,  Республикалық және Халықаралық көрме проектілердің белсенді қатысушысы, туындылары Қытай, Турция, Кипрдің жеке коллекцияларында сақтаулы Аманжол Сұлтан Айдосұлымен тағы басқа өнер майталмандарымен онлайн кездесу арқылы шығармашылығы насихатталып, жастарға бағыт берер сұхбат көпшілік оқырмандар көңілінен шықты.

       Үстіміздегі жылы Қазақтың бір туар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай шығармашылығына арналған «Абай әлемі» атты онлайн танымдық сағат кітапханалар арасында онлайн семинар ретінде ұйымдастырылды. Мақсатымыз: Ұлы ақынның әлем танып жатқан өнегелі өмірі мен шығармашылығын таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл-мұраларын, шығармашылығын насихаттау.

          Райымбек аудандық кітапханасы «Кітапханаға кітап сыйла» акциясын ұйымдастыруда. Мұндағы мақсат — халықтың рухани байлығын дамытып, кітапхананың кітап қорын әдебиеттермен толықтыру, оқырман мен кітапхана арасын нығайту. Акцияға жаңа басылымдармен қатар, қолдануға жарамды тарихи-мәдени құндылықтарын жоғалтпаған ғылыми, көркем басылымдар қабылданады. Сіздер сыйға тартқан әрбір басылым маңызды, өйткені ол сол кітаптың ғұмырын созуға, кітапханаға көмек беруге және біздің оқырмандардың сұранысын қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

          Осы акция аясында жазушы Жексен Алпартегі кітапхананың кітап қорына өзінің шығармашылығынан «Ғибрат», «Тағлым», «Жоржияның жұмбақ әлемі» атты 9 кітабын сыйға тартты. Осы акция аясында Нарынқол ауылының тұрғыны, еңбек және тыл ардагері Шамырханова Екатерина Владимировна кітапханамызға 200 данадан аса кітап сыйлады. Осындай акция арқылы да кітапхана кітап қорлары толығуда.

 

Маржан РЫСБЕКОВА,

аудандық кітапхананың әдіскері.

 

 

 

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password