«ӨРТТЕН САҚТАНЫҢЫЗ», «СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК», «ӨЗІҢДІ ӨРТ СӨНДІРУШІ СЕЗІН»

       «Райымбек ауданының жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен Райымбек ауданының төтенше жағдайлар бөлімі, Райымбек аудандық ауруханасының жедел-жәрдем бөлімі және аудандық полиция бөлімі, «Райымбек ауданының жастар ресурстық орталығының» еріктілер тобымен бірге, «Өрттен сақтаныңыз» және «Судағы қауіпсіздік» атты акция және рейдтік шаралар өткізілді. Рейд барысында төтенше жағдайлар бөлімінің бастығының міндетін атқарушы Тергеусізов Еркебұлан Серікұлы демалушыларға өрт қауіпсіздігі шаралары бойынша брифингтер мен түсіндіру жұмыстарын жүргізе отырып, «Өзіңді өрт сөндіруші сезін» атты акциясын ұйымдастырды. Акция барысында демалушыларға өрт сөндірушінің жауынгерлік киімін кию, құрал-жабдықтарын ұстап көру мүмкіндігі беріліп, 150-ге жуық жадынама тапсырылды.

       «Райымбек ауданының жастар ресурстық орталығының» психолог-маманы Керімжан Ақнұр Даниярқызы төтенше жағдайлардан кейінгі психологиялық көмек көрсету, қолдау көрсету бойынша шараларын өткізді. Демалушыларға, жасөспірімдер мен жастарға психологиялық көмек пен қолдау көрсетуді ұйымдастыру кезінде өзгеріске түскен жағдайға (мысалы: оқшаулану, өзара қашықтан әрекеттесу, қарым-қатынас жетіспеушілігі және т.б.) бейімделуі қиын және эмоциялық, тұлғалық түйіткілді мәселелерге (мысалы: стресс, шектен тыс агрессия, титықтау және т.б) орын алған жағдайда өз бетінше шығу үшін тұлғалық ресурстар мен мүмкіндіктер тапшылығына тап болған тұлғаларды анықтауға ерекше зер салу керек екендігін түсіндірді.

Ақнұр КЕРІМЖАН,

аудандық жастар ресурстық

орталығының психолог- маманы

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password