«ӘREKET» жобасы туралы анықтама
«ӘREKET» Гранттар байқауы 2019 жылдың маусымында басталды. Жобаның бастамашысы – «Samruk-Kazyna Тrust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры. Бірінші кезең өтінім беруден тұрды. Байқауға барлығы 290 өтініш келіп түсті, оның ішінде бірінші кезеңде, байқау комиссиясының мұқият бақылауынан кейін 67 өтініш іріктелді.
Екінші кезеңнің шарты іріктелген коммерциялық емес ұйымдардың толық өтінімдер беруі болды. 1 тамызда Комиссия 51 финалисті анықтады, олар Нұр-Сұлтанға оқуға келді (101 адам, әр КЕҰ-дан 2 өкілден).
Олардың барлығы қаржы, әлеуметтік кәсіпкерлік, PR және маркетинг саласының жетекші халықаралық сарапшыларынан үш күндік оқудан өтті. 2019 жылдың 13-15 тамызы аралығында КЕҰ өкілдері әлеуметтік кәсіпкерліктің заңдық және салықтық аспектілерін, бизнес-модельдерді құруды, маркетинг- жоспар құруды және т.б. зерттеді.

Қазір барлық жеңген жобалар іске асырылуда. Тоғыз ай ішінде қатысушылар өз өңірлерінде жобаларды дамытады. Осы уақыт ішінде Қордың менеджерлері грант алушыларға түрлі мәселелер бойынша кеңестер берді, онлайн оқыту вебинарлары арқылы қолдау көрсетіп, жобаның тиімділігіне және қаражатты тиімді бөлуге мониторинг жүргізуде.

Жобаның басты мақсаты — Қазақстанның коммерциялық емес ұйымдары арасында әлеуметтік кәсіпкерлік мәдениетін дамыту, оларды бизнесті жүргізу дағдыларына үйрету және кәсіпкерлік тәсіл арқылы әлеуметтік проблемаларды шешу.
«ӘREKET» жобасын «Самұрық-Қазына» АҚ барлық компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры жүзеге асырады.
0 Пікір