Референдумға дайындық: халық қалаулылары ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Бүгін Талдықорғанда ҚР Парламенті сенат депутаттары, кәсіподақ өкілдері, ҮЕҰ, «Аманат» партиясы , ардагерлермен, «Жас Отан» жастар қанаты және қоғамдық кеңес мүшелері ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдум өткізуді қолдау мақсатында кездесу өткізді.

Кездесуге Парламент Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Бейбіт Исабаев, комитет мүшелері Нұртөре Жүсіп, Ләззат Қалтаева, Айгүл Қапбарова, комитеттің бас консультанты Олжас Шынжігіт қатысты.
Отырыста Парламент Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Бейбіт Исабаев Президенттің жалпыұлттық референдум өткізу бастамасының мақсаттары мен міндеттерін түсіндірді.
«Мемлекет Басшысы Қасым — Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының отырысында мемлекетіміз үшін маңызды қадам-Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі республикалық референдум өткізуді ұсынды, ол жарлық бойынша 5 маусымға тағайындалды. Ол халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған ауқымды саяси реформалар пакетін ұсынды. Соңғы рет референдум 1995 жылы өтті, кейін Парламент арқылы конституцияға 4 рет түзетулер енгізілді. Бұл жолы референдум өте терең мағынаға ие. 5 маусымда елдің барлық тұрғындары дауыс беруге барады деп үміттенемін. Біздің балаларымыз бен немерелеріміз қалай өмір сүретініне байланысты! Біз жаңа Қазақстан үшін жауаптымыз!», — деді ол.
Дөңгелек үстел барысында елордалық қонақтар референдумның мақсатын түсіндіріп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, отырысқа қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Естеріңізге сала кетейік, реформаларды жүзеге асыру үшін Конституцияға 33 өзгеріс пен толықтыру енгізу қажет. Бұл өзгерістерді заңнамалық тұрғыдан бекіту үшін Мемлекет басшысы жалпыұлттық референдум өткізуді ұсынды.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password