РАЙЫМБЕК АУДАНЫНДА ХАЛЫҚ САНАҒЫНА ДАЙЫНДЫҚ КЕЗЕҢІ АЯҚТАЛДЫ

       01-30 маусым аралығында аудан елді мекендерін аралап тұрғын үй ретінде пайдаланылатын тұрғынжайлар, тұрғын үйлер мен тұрғын емес үй жайлардың тізімдерін сондай-ақ, олардың әрқайсысында тұрақты тұратын халық санын нақтылап, картографиялық материалдарға өзектендіру жұмыстары жасалды.

       Бұл жұмыстарды атқаруға аудан бойынша 3 уәкілетті нұсқаушы, 1 бақылаушы нұсқаушы, 7 интервьюерлер тартылды. Санақ персоналдары аудандастыруға арналған деректерді жинау мобильдік қосымшасымен жұмыс істеу үшін арнайы оқытудан өтті. Ақпараттарды жинау және өңдеу жұмыстары «Аудандастыру» автоматтандырылған жұмыс орнында жасалды. Аудандастыруға арналған деректерді мобильдік қосымшаны пайдалану арқылы планшеттермен жинақталды. 1-кезеңде жинақталған деректер 2-кезеңде аудандастыру үшін пайдаланады. Яғни, аудандастыру негізгі 2-кезеңде ағымдағы жылдың қыркүйек-қазан айларында нұсқаушы және есеп учаскелеріне бөлу үшін қажет. Негізгі екінші кезең 01 қыркүйек пен 15 қазан аралығында тұрғындар өздігінен өзіне және отбасы мүшелеріне санақ парақтарын sanaq.gov.kz онлайн режимінде толтыру арқылы жүзеге асырылады және 01-30 қазан аралығында тіркеушілер планшеттерді пайдалану арқылы жалпылама әдіспен өткізіледі.

А.ДАУЛЕТБАҚОВА,

аудандық статистика

басқармасының басшысы.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password