РАЙЫМБЕК АУДАНДЫҚ ЖЕДЕЛ ШТАБЫ БҮГІН ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗУДЕ
2021 жылғы 22 шілдеде Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол ауылының аумағында қажетті санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, терроризмге қарсы оқу-жаттығулар басталды.
Осыған байланысты, Нарынқол ауылының тұрғындарынан сабырлық сақтауды және өткізілетін оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды және оқу-жаттығуларды өткізуге жұмылдырылған құқық қорғау органдарының заңды талаптарын орындауды сұраймыз.
Оқу-жаттығуларды өткізу кезеңінде шектеу шаралары көзделетін болады, көрсетілген елді мекенде көлік құралдарының қозғалысын ішінара шектеу мүмкін болады.
Сондай-ақ, Нарынқол ауылы тұрғындарының назарына ҚР ӘҚБтК-нің 443-бабына сәйкес қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын адамның заңды талабына бағынбау әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғатынын жеткіземіз.
Райымбек аудандық жедел штабы
0 Пікір