ПРЕЗИДЕНТІМІЗ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҰЛЫҚТАУ РӘСІМІНДЕ БОЛУ МАҒАН ДА ЗОР СЕНІМ ҰЯЛАТТЫ

        Биыл халқымыз үшін айрықша маңызды жыл болды. Қазақстан дамудың жаңа дәуіріне қадам басты, ауқымды өзгерістерге жол ашылды. Конституциялық реформасын жүзеге асырды. Мемлекеттің басты салалары жаңарды. Соның арқасында халықтың болашаққа деген үміті артып, сенімі нығайды.

     Конститутцияның жаңа талабына сәйкес бұдан былай Призидент жеті жылдық бір мерзімге ғана сайланады. Сайлау науқаны 3 айға жуық созылды. Әр түрлі пікірталастар болды. Осылайша 20 қарашада халқымыз өз таңдауын жасады. Бұл науқан ел мүддесі үшін ұлт болып біріге алатынымызды көрсетті. Осы сайлауда біз президентке зор сенім білдірдік, үміт арттық. Халқының қолдауына ие болып, ел тізгінін ұстау-ең биік мәртебе әрі зор жауапкершілік.

        Алдағы 7 жылдың ішінде бүгінгі және келешек ұрпақтың алдындағы борышты өтеуге берілген мүмкіндік еді. Халықтың сенімі – аманат. Осы аманатқа адал болу қасиетті парыз. Ұлықтау рәсімінде Қазақстанды өркендеген, бақуатты мемлекетке айналдыру  үшін  президент Қасым-Жомарт Тоқаев қолынан келгенінің бәрін жасайтындығын жеткізді. Көк туды сүйіп, халқының алдында бас иді. Азаттық жолында құрбан болған бабалар рухына тағзым етті. Елінің арман-мұратына өмірбақи адал болуға серт берді.

        Ешқашан адалдықтан аттамауға және ел мүддесіне қиянат жасамауға ант етті. Ата заңға қолын қойып оның әр сөзін мүлтіксіз орындайтындығын, және бұл ант алдағы уақытта Президент үшін айнымас темірқазығы болатындығын шегелеп айтты.

        Президент алдағы уақытта қолға алатын бірнеше мәселелерге тоқталды. Ауылды өркендету ісіне басты назар аудару. «Ауыл-ел бесігі» деп бекер айтпаса керек.

        Келесі басты маңызды бағыт. Елден заңсыз шығарылған барлық активті қайтару. Бұл үшін қажетті рәсімдерді реттейтін заң жобасы әзірленеді. Қайтарылған барлық қаражат халық игілігіне жұмсалады.

        Қолынан іс келетін және елге беріле қызмет жасайтын азаматтарға ғана ортамызда орын бар және әр адам өз жұмысын адал атқаруды талап ететінін ескертті. Әділетті Қазақстанда еңбек адамына ерекше құрмет көрсетіледі. Әсіресе ұстаз, дәрігер, тәртіп сақшысы, құтқарушы, жұмысшы шаруа сияқты мамандардың мәртебесі одан әрі артады. Олар елімізде ең сыйлы азаматтарға айналады. Осы кәсіп иелері тиісті құрмет пен сыйға ие болғанда ғана қоғамымыз шынымен жақсаратындығына ерекше тоқталып өтті.

       Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» деген сөзін айта келе, жастарға қолдау көрсету арқылы, жарқын болашаққа бастар жол айқындалатындығын мақсат етті. Йә, осы сапарымда менің де жүрегімді патриоттық сезім билеп, Президентіміздің әр айтқан сөзі ұзақ уақыт ойымда жүрді. Біздің Отанымыз бір, мемлекетіміз-бір, халқымыз-бір!

       Еліміз аман жұртымыз тыныш болсын! Халқымыз аман болсын! Тыныштық мәңгілік орнасын!

        Қуатты, мықты мемлекетке айналу үшін ынтымақ, ауызбірлік болғанда ғана арманымызға жетеміз. Жиынға қатысқан әр азаматқа ой тастап, болашағымыз анық мақсатымыз айқын екендігін тағы да бір дәлелдегендей болды.

Балжан ОМАРОВА,

Райымбек ауданының Құрметті азаматы,

аудандық аналар кеңесінің төрайымы,

«Amanat» партиясының ардагері.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password