«ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ: өзекті мәселелер мен жүйелі шешімдер»

        1 қыркүйек «Білім күні» мерекесімен қатар еліміздің тарихында, жаңа бір саяси ахуал орын алып отырғаны баршамызға аян. Еліміз жыл сайын үлкен үмітпен күтетін ел президентінің жолдауы 2022-2023 жаңа оқу жылының басталуымен қатар келуі, әрбір азаматының ерекше назарын аударды. Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы бүкіл әлемді алаңдатып отырған пандемиямен күрес жолдарын, оның елімізге алып келген зардабы мен өзгерістерін айта келіп, еліміздің әлеуметтік дамуына, ел тұрғындарының табысы мен жұмыс орындарының сақталуын, халқымыздың денсаулығы мен өмірін сақтау жолындағы жұмыстарға басты назар аудару керектігін қадап айтты. Бүгінгі ел Президентінің жолдауы еліміздің болашақ дамуы мен ертеңгі күнге бетбұрысын айқындап берді. Барлық бағыттардың дамуы, ел тағдыры үшін маңызды. Қазақ халқының әрбір азаматының көкейінде жүрген мәселені шешу жолына арналған жаңа жолдау, ел дамуы мен халқымыздың өмірінде біршама жаңашылдықтың болатынын көрсетіп бергендей.

    «Жолдау, жолдауға қолдау» демекші, аудан орталығы Баққожа Мұқай атындағы мәдениет үйінде аудандық мәслихаттың ұйымдастыруымен мұғалімдер арасында «ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ: өзекті мәселелер мен жүйелі шешімдер» атты ашық пікірсайыс өткізілді.

       Пікірсайысқа 8 топ қатысты. Жеребе тасталып, әр топқа сұрақтар берілді. Өз ойларын, пікірлерін схема ретінде сызып, ұсыныстарын ортаға салды. Сұрақтар қойып, жолдаудағы айтылған әр мәселе жеке-жеке талданды.

       ҚР Президентінің әр жолдауының уақытылы іске асуы үшін халық болып жұмыла әрекет етуіміз керек. Бала тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатып жүрген ұстаздарымыз осы сайыстада өздерінің білімділіктерін көрсетті.

   Сайысқа Б.Соқпақбаев, Т.Жанұзақов, О.Жандосов, К. Байшығанұлы, С.Әшімбаев, Н.Өмірзақов, Қ.Шорманов және Абай атындағы орта мектеп ұстаздары қатысты. Ойларын ашық жеткізіп, пікірсайыстың қызықты әрі қызу өтуіне атсалысқан әр топты аудандық мәслихат хатшысы Гүлнар Арипова Алғыс хаттармен марапаттады.

     Жолдау барлығына бірдей. Халық болып жұмылып, жүзеге асуына үлес қоссақ Жаңа Қазақстанның болашағы жарқын болатынына сенеміз!

 Аяла ҰЛАНҚЫЗЫ.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password