Президент Жолдауы талқыланды

   Райымбек аудандық прокуратурасының қызметкерлерінің қатысуымен Мемлекет басшысының Жолдауын талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шара барысында аудан прокуроры Ш.Құтелов Елбасы Жолдауы біздің қоғамның ең өткір және өзекті мәселелерін шешуге бағытталған экономикалық, әлеуметтік және саяси шаралардың ойластырылған және шынайы кешені екендігін айтты.

Қазақстанның барлық азаматтарының әлеуметтік-экономикалық әл-ауқаты, елдің дамуы, мемлекеттің стратегиялық даму мақсаттарына жетуі олардың орындалуына байланысты.

«Мемлекет басшысы Жолдауында көтерген мәселелердің бірі — саяси жаңғыру және адам құқығын қорғауды ерекше атап өткім келеді.  Қазіргі уақытта мемлекетпен жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін реформалаумен қатар, азаматтық мәдениетті дамыту, сайлау тізімінде әйелдер мен жастарға арналған квоталарға көбірек көңіл бөлу, ерекше қажеттіліктері бар адамдарды басқару процестеріне тарту, әйелдердің саяси және экономикалық құқықтарын кеңейту, адам құқықтарын қорғау саласын жақсарту жобаланып жатыр», — деп атап өтілді.

Іс-шара соңында Жолдауда айтылғандай, халықтың өмірін жақсарту үшін жұмысты кәсіби түрде, уақытында және үлкен жауапкершілікпен істеу қажет екенін баса айтты.

Райымбек аудандық прокуратурасы.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password