Поэзия патшасы

        Адамның дүниетанымын кеңейтетін, ойын тұңғиыққа батыратын, жастарды ізгілік пен мәдениетке баулитын, шешендікке үйрететін ол әрине, қара сөз екендігі ақиқат. «Өнер алды – қызыл тіл» демекші, осынау өнегені қалыптастырған ерен тұлғаларымыз қаншама. Соның бірі де бірегейі Мұқағали Мақатаев екені даусыз. Күпі киген қазақтың қара өлеңін шекпен жауып қайтарған ақиық ақын торқалы тоқсан жасқа толып отыр. Ақпан айының 9 жұлдызында киелі Қарасаз өңірінде жарық дүние есігін ашқан мұзбалақ ақын өзімен бірге өршіл рух пен өлмес өлеңдерін арқалай келді.

       Ақынның туған күніне орай, Ораз Жандосов атындағы орта мектепте арнайы шара өткізілді. Аталған мәдени шараның алғы мақсаты – ақын рухына тағзым жасау, сонымен қатар өлмес мұраларын өскелең ұраққа үлгі ету. Айлық барысында әр сыныптың оқушылары белсенді түрде атсалысты. Атап айтар болсақ, «суреттер сыр шертеді» деп аталатын көрмеде кішкентай бүлдіршіндеріміз ақын бейнесін жанжақты қырынан аша білді. Сондай-ақ, «жазылар естеліктер мен туралы» тақырыбында эссе жазып, Мұқағали мұрасының құндылықтарын тереңінен ойлап, қағаз бетіне айшықтады. «Жыр керуені» атты өлеңдер сайысында ақынның поэмалары мен көркем жырларын жатқа оқу арқылы белсенді түрде араласты.

       Атап айтсақ, білім ордасындағы өткізіліп отырған айшықты шарада қазақ тілі және әдебиет пән мұғалімдері А.Даутова, А.Нұрмұханбетова, М.Мүслімова бастауыш сынып мұғалімдері Ж.Аргинова, Н.Темірбаева, Г.Курманбаева, А.Мұғалім, Г.Тұрғынбаева, А.Еменақынова, Г.Шажабаева сынды ұстаздар қауымының берген білімі мен тәрбиесін қанып ішкен талантты шәкірттері ақын өлеңдері мен поэмаларын жатқа айтып, көркем сөз оқуы шарада қойылған сахналық көріністе көрерменнің жүрегіне жол таба білді.

       Біздіңше, халықтың сүйікті ақыны Мұқағали мұрасына деген қызығушылық, оның ақындық болмысын танып, шығармашылық шеберлігінің сырына тереңірек үңілуге деген ізденісіміз жалғаса бермек. Оның ашық да айқын дәлелі — бүгінгі өскелең ұрпақ, жыр сүйер шәкірттерді ерекше атауға болады. Атап айтқанда осы қара шаңырақтың талантты оқушылары К.Амангелдіқызы, А.Берікқызы, З.Нұрдаулет, А.Айсәділ, М.Тохтарбай, З.Албатыр, Қали Аңсар, Қали Дана, А.Қайратқызы, Д.Төрехан, А.Оңғарбек сынды өлеңге құштар шәкірттеріміз ақиық ақынның «Аққулар ұйықтағанда», «Бесік басында», «Райымбек, Райымбек» сынды поэмаларын жатқа оқып, Мұқағали мұрасына деген қызығушылықтары оянуда.

        Қорытынды шара өз деңгейінде өткізілді. Мұндағы ең үлкен табыс- жас ұрпақ өз ана тілінің қасиетіне қанығып, шөлін басқандай болды. Ұйымдастырылған шарада оқушыларымыз ақын өлеңдерінің мәні мен мазмұнын ұғынып қана қоймай, бір-бірімен бәсекеге түскендігі бізді ерекеше қуантты.

   Райгүл Жүнісбекова,

О.Жандосов атындағы орта мектептің

бастауыш сынып мұғалімі.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password