Поэзия ғұламасы
Алуан тәте, маған бұл ұлы тұлға туралы естелік жазу, немесе пікір айту өте ауыр.
Дегенмен, поэзияның ғұламасы- «аққан жұлдызы» Мұқағали ағамызбен бір рет Алматыда кездескеніміз бар. Онда ауызекі амандық – саулықтан аспадық, тек жерлесі екенімді білдірдім. Мұқағали – әр адам «қайталанбас тұлға» десек те, ерекше жаратылған мың жылда бір туар Абай, Шоқан бабаларымыз сияқты кесек тұлға. Философияның поэзия жасаудың шебері. 45 жылдық аз ғұмырында өмірдің қыры мен сырын терең меңгерген 90 — дағы көргені көп абыз қариядай поэзия арқылы өмір белестерін, оның құпия сырын өткір тілмен жастарға да қарттарға да түсінікті етіп жырлайды.
Мұқағали ағамыздың өлеңдеріне ән жазбаған композитор жоқ болуы тиіс. Әсіресе Нұрғиса Тілендиев ағамыз көп өлеңдеріне ән жазған. « Саржайлау», « Кел еркем, Алатауыңа», « Сәлем берем Жетісуға» атты әндері мәңгілік мұра десе болады. Ол екеуі де өлмес мұра қалдырған тұлғалар.
Осы жерде айта кететін бір жәй — Мұқағали ағамыздың мұражайы интеллигенция өкілдерінен жырақта, қалалардан алыста салынғаны өкінішті, болса Алматыға көшірсе, бұл ұсыныс қана.
Қойшыбай ТИЯЗҰЛЫ,
зейнеткер-ұстаз.
0 Пікір