ОТАННЫҢ НАҒАЗ АДАЛ ҰЛЫ ЕДІ

        Біздің аймақтың адамдары ауыр бейнетті арқалап жүріп, ұрпақтары үшін отқа күйгендей, суға батқандай қиыншылықтарды көріп, бейбіт заман орнатып беріп өздерінің көпшілігі өмірден өтіп кетті. Олар аш-жалаңашпыз демей, ауырдық-сырқадық демей, жанкештілікпен қоғамды ойлаған жандар еді. Ол кездегі заманда солай болып тұрды емес па? Сол асыл әкелеріміздің бірі-Шопан палуанның баласы Асқар Қызылбұлақтағы Әтеке-әжінің қыстауында дүниеге келіпті. Асқардың әкесі Шопан Албан ішінде Таз руының ұрпағы. Ол аума — лы-төкпелі заманда «Албанның ақ тұйғыны» атанған шешен, Алжан руының болысы Жанғабыл Әтекеұлының Қазиза атты қарындасына үйленіп, Жанғабылдың жігіт ағасы әрі бірге туған бауырындай болып кетеді. Жауырыны жерге тимеген палуанның Албанға аты жайылған адам болыпты. Шопаннан Қазиза ана Асқарды және Оқасты туған екен. Асқар 1914 жылы туған. Ержеткен соң колхоздасу заманына ұласқан өмірі қиындықтарға толы болды. 1929 жылдары жаңа өкіметтің бұйрығымен ауыл отырықшылыққа жұмылып, Ақбейітке топталып, Киров атындағы колхозды құрды. 1930 жылдары Қытайға өтіп кеткен күнгейдегі Қошқарға алпыс үйді көшіріп әкеліп, Ворошилов атындағы колхозды құрыпты. Асқар онда буыны қатпаған жас бала болса да, соқаның құлағын күндіз-түні ұстап, аянбай еңбек еткенін ауылдастарымыз айтып жүрді. Асекең «ЧКМА»-мектебін Қарасазда үш жыл оқып сауатын ашқан екен. Осындай бір өліарада ол Түргендегі шоферлік курсты бітіріп, жүргізуші мамандығын алыпты. Аудан көлеміндегі алғашқы шофердің бірі. Осы кездерде Ұлы Отан соғысы басталып, Асқар соғысқа кетеді. Бұл 1942 жылдың маусым айы болса керек. Әскери бөлімшелер оны шоферлік жұмысқа тағайындап, оқ-дәрі, қару-жарақтарды тасыпты. Соғыста машинаменен жүру окопта атысқаннан әлдеқайда ауыр дейтұғын аға, кейін біз сұрағанда. Соғысқа Украина майданы аяқталмай кіріп, Молдовияға әкелгенше екі машинаны құртты. «Ажал жоқ шығар снаряд па, бомбы ма екі реттеде машинамның дәл ортасынан келіп тиіп быт-шытын шығарды. Екінші рет снаряд тигенде миым аузыма түскендей ес-түссіз қалдым. Ұшып барып төңкеріліп түскен кабинаның астынан суырып алып, он бес күн госпитальға жатқызды. Екі ретте де машинада оқ-дәрі жоқ еді. Егерде оқ-дәрі болса сауда бітіп еді»,- дейтін аға. Молдован жерінен Беларуссияға өттік. Жері саздауыт қалың орман ішінде, оқ-дәрі тасуменен бірге ағаш бөренелерді тасып шағынш а ғ ы н өзен — дерге көпір салдық, блиндаждар жасадық. Беларуссиядан Калинин майданына өткізді. Неміс фашистері Берлинге жақындаған сайын жанталаса ұрыс салды. Бірақ олардың жолдары болмады. Берлин маңына жеткенде жамбасымнан жарақат алып, госпитальға түстім. Кинсберг қаласынды емделіп шығып, 1945 жылы Гитлерді капитуляци жасағаннан соң, Германияда тағы бір жыл қалдырып машина айдатады. 1946 жылы маусым айында елге тірі оралды. Інісі Оқас оққа ұшыпты. 1947 жылы Раушан Сейдалықызына үйленіп, үш перзент көрді. 1951,1952,1953 жылдары Шалкөде ауылдық советінің председателі болып істеді. Ол алпыс бес жасқа дейін колхозда шофер болып, 1991 жылы қыста дүниеден өтті. Артында алты қыз және ұлы Болат өсіпөніп, үлгілі өмір сүріп жатыр. Асекең Ұлы Отан соғысының бірінші дәрежелі ордені және көптеген медальдарменен наградталған. Елінің есінде мәңгі сақталған құрметті, қасиетті адамның бірі Асқар Шопанұлы еді. 75 жылдық мерекеңіз құтты болсын, ардагерім!

Нұрлан Әкімбайұлы,

Талас ауылы.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password