Қош келдің , әз-Наурыз!

      Ақтың молаятын, жарықтың ұзаратын, нұрдың молығатын, тіршіліктің жаңаратын, өмірдің жаңғыратын, пейілдің түзелетін, көңілдің кеңитін кезеңі- Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

     «Қамшының сабындай қысқа өмірде» осынау алмағайып заманда денсаулық пен тыныштықтың қадірін білдік.

     Бірнеше жылдан бері думанды Наурызымызды да өз мәнінде өткізе алмадық. Биылғы барыс жылында күллі мұсылман қауымының Жаңа жылы әз-Наурызымыз да келіп жетті. Көктің тынысын тыңдап, жердің тамырын басқан, тұрмыс – тіршілігін табиғат анамен тығыз байланыстырған халқымыз Наурызды жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы деп бағалайды. Осындай Ұлыстың Ұлы күні келіп жеткен әз-Наурыз мерекесі біздің де киелі білім шаңырағы Қ.Шорманов орта мектебінде де небір мерекелік шаралар өтуде. 10-наурызда 7 «А» сыныбында «Қош келдің, әз-Наурыз!» атты кең көлемде тәрбие сағаты өтті. Білім алушылар ұлттық киімдерін киіп, асқақтата ән салып, мың бұрала би билеп, салт-дәстүрімізден көрініс көрсетіп, тәрбие сағатының соңында тілеу көжеден дәм таттық. Мұндай шараларды мектебіміздің тәрбие жөніндегі орынбасары Т.Боранбаева, педагог-ұйымдастырушы Л.Даукеевалар іс шара жоспарын жасап, дұрыс тәрби  елік мәнде өтуін жіті қадағалады. Мектепалды даярлық сыныбынан бастап барлық бастауыш сыныптар, 7 «В», 8 «А»,«Б», 9 «А» сыныптары тәрбиелік сағаттар өткізді.

       «Армысың әз-Наурыз!» атты мектеп кітапханасында Б.Байрованың ұйымдастыруымен «Ұлттық дәстүр» атты қолөнер және кітап көрмесі ұйымдастырылды. Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Т.Боранбаева, педагог-ұйымдастырушы Л.Даукеевалардың ұйымдастыруымен «Отбасым – менің байлығым!» атты спорттық жарысын өткізіп, өздері демеушілік жасап, жеңімпаздарды бағалы сыйлықтармен, мақтау қағаздарымен марапаттады.

  Мектеп жастарының ұйымдастыруымен «Шуағын шашқан Әжелер!» атты мектебіміздің барлық бірлестіктер арасында жасы үлкен мұғалімдер қатысып, өте қызықты, тартымды жарыстар өткізіліп , мектеп әжелері мақтау қағаздарымен марапатталды.

      Олай болса, Наурыз мерекесі баршаңызға жаңа жетістіктер, молшылық пен татулық әкелсін!

    Барыс жылы еліміз тыныш, туған жеріміз аман болып, әр отбасында шат көңіл, бақыт және береке, салтанат құрсын!

        Ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасы гүлдене берсін! Әлем тыныш болсын!

Бағила АХМЕТОВА,

Қ.Шорманов атындағы орта мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password