ОРТАҚ ПАРЫЗЫМЫЗ

      Біздің қазақ елінің егемендігіне биыл 30 жыл толып отыр. Тәңірдің берген сыйы ең қастерлі, маңдайымыздағы бағымыз – Тәуелсіздік. Осы уақыт ішінде еліміздің іргесі бекіп, еңсесі көтеріліп, қарқындап дамуда. Қиындықтарды жеңіп, берекелі еңбек етуіміз үшін Президентіміз Қ.Тоқаев қазақстандықтарға өзінің кезекті Жолдауын арнады. Жолдаудың басты бағыты – Отаншылдық, еңбекқорлық, білімге деген құштарлық, адамзатқа ортақ қастерлі құндылықтарды жастардың бойына сіңіру болып отыр. Әрдайым көш бастаған ел ағаларына жастарға дұрыс бағыт-бағдар беруді, адасқанға жөн сілтеп, тентегін тыйып, тектісін төрге оздыруды аманаттады. Ана мен балаға деген қамқорлықты да шет қалдырмады. Жолдаудың әр бөлімін оқи отырып, қай-қайссына болмасын парасаттылықпен қарауды ойладым. Менің ойымша Жолдауда ерекше назар аудартқаны – ел азаматтарының тыныс-тіршілігіне, әл-ауқатымыздың артуына бағытталғаны. Ең маңыздысы – әлеуметтік мәселелерге көңіл аударылуында. Президентіміз жолдаған осы маңызды құжатты бәріміз бір кісінің баласындай қолдаймыз. Елімізде бейбіт өмір, қоғамда тұрақтылық пен тыныштық болсын! Президент айтқан жаңа мақсат-міндеттерді орындау – Сіз бен біздің ортақ парызымыз деп білемін!

Советай ҚҰДИЯРБЕКҚЫЗЫ,

Қайнар ауылдық Аналар

кеңесінің төрайымы.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password