ОРМАНДЫ ҚОРҒАУ ОҢАЙ ЕМЕС

      Жуырда аудандық мәдениет үйінде Орман шаруашылығы қызметкерлерінің күні аталып өтті. «Табиғатты қорғау азаматтық парызымыз»-деген сөзді ұстанып еңбек ететін бұл кісілердің мемлекетке қосып отырған үлесі орасан. Нарынқол орман шаруашылығының жалпы жер көлемі – 194066 га, орманды алқабы — 62042 га. Мемлекеттік мекеме аймағы 6 орманшылыққа бөлінген. Аталған мекемеде 91 адам жұмыс атқарады.

      Мерекеге жиналған орманшыларды аудан әкімі Берік Фатықұлы арнайы құттықтап, марапаттар табыс етті. Атап айтсақ, аудан әкімінің Құрмет грамотасымен Жұмақанов Ербол мен Мұхаметжанов Марғұлан марапатталды. Байжан Құлмуханбетов, Сүлеймен Бағлан, Тлеубердиев Нұрғанат, Қалымбетов Бағлан, Серік Шкабаев, Молдаш Абай, Ұлан Нүсіпбековтер аудан әкімінің Алғыс хатын алды. Мұқашев Нұрлан мен Иманқұлов Ержан облыстық «AMANAT» партиясының Алғыс хатын иеленді. Қасқарауов Ырысдәулет, Төлеев Садыр, Сейлбаев Амангелді атты орман күтушілер облыстық кәсіподақтың төсбелгісін кеуделеріне тақты.

      Ауданымыздың табиғатын қорғап, жасыл-желектің жайқалып өсуі үшін аянбай еңбек етіп жүрген орман қорғаушыларының еңбегі қашанда елеулі. Біздің аудан таулы аймақта орналасқандықтан табиғатымыз өте сұлу. Осы табиғи сұлулықтың қорғаушыларына мықты денсаулық, еңбекте табыс, отбасыларына береке тілейміз! Абыройларыңыз артып, беделдеріңіз биіктей берсін!

Дастан ҚАСЕНҰЛЫ.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password