ОРМАН КҮЗЕТІ МЕН ҚОРҒАУ

        Нарынқол орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесінің таулы орманы Алатау орман өртіне қауіпті аймаққа жатады.

        Өртке қауіпті мерзім 223 күнге, яғни қар кете салысынан басталып, жерді қайтадан қар басып қалғанға дейін созылады.

        Мемлекеттік мекеме аймағы жер бетінен бақылау күзет аумағына жатады. Мекеме бойынша орман күзеті әр айналымдар бойынша жасалған жерден бақылау сызбасы бойынша жүзеге асырылады.

        Ауыл тұрғындары арасында үгіт-насихат әңгімелер мен жиналыстар өткізіліп тұрады. Аудандық газетке 3 мақала, Жетісу телеарнасына 1 сұхбат берілді. Өрт апатын болдырмау мақсатында ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп жұмыс атқарудамыз. 2021жылы орманды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауда нақты шаралар жасалып, аудандық төтенше жағдайлар, Нарынқол комендатурасы, кенттік полиция бөлімі, №12 өрт сөндіру бөлімі, Нарынқол емханасы, электр тарату торабы, Қазақтелеком цех бастығы келісуімен бірлескен шаралары жасалып тығыз байланыста жұмыс жасадық.

        Өрт қауіпсіздігі мен орман шаруашылық заңдылықтарын сақтауды үгіттеу мақсатында 2021 жылы ауыл тұрғындары арасында 200 әңгімелер өткізіліп, жалпы 1216 тыңдаушылар қатыстырылды. Тыңдаушылардың негізі Нарынқол аймағының тұрғындары мен сырттан келіп демалушылар. Мекеме бойынша орманды алқаптарда өрт қауіпсіздігін сақтау мен орман шаруашылығы заңдылықтарын сақтау туралы 10 темір үгіт-насихат тақтасы, 72 дана түрлі түсті 2х2,5 метрлік үгіт – насихат паносы, 13 жерде тау беткейлерінде өрт қауіпсіздігін сақтау жөнінде ескертпе жазулар жазылды. Жанар-жағар май қоры ұйымдастырылған.

        2021 жылы мекемеде орман қоры жерінде өрт қауіпсіздік талаптарын бұзған 3 адамға хаттама толтырылып, 43 мың 700 теңге айыппұл салынып, өндіріліп алынды. Өз бетімен заңсыз мал жаюға 4 хаттама толтырылып 67000 теңге залал, 34800 теңге айыппұл өндірілді. Заңсыз ағаш кескені үшін 2 адамның ісі құқық қорғау органына өткізіліп 114000 теңге залал толығымен өндіріліп, бір адамның көлік құралы тәркіленіп алынды.

        Орман өртін сөндіру станциясында нормативке сай өрт сөндіру құралдары толық. Орталықтан алыс орманшылықтарға мотопомпа, күрек, балта, желпіуіш топтастырылып қойылған. Шаруа қожалықтарының басшыларымен жеке азаматтарға жазбаша түрде орман өртін болдырмаудың алдын-алу мен ауыл шаруашылық жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережесін сақтау, өрт сөндіруге қажетті құралдарының талапқа сай болуы туралы ескертпелер берілді. Табиғат қорғауда өз ісін абыроймен атқарып жүрген мекеменің өрт сөндіру станциясының бастығы Р.Ускенбаев бастаған өрт сөндірушілер: Е.Атабаев, М.Байбұғаев, Е.Анапияев, Б.Кегенбаев, оператор Д.Иманғожаев, слесарь Н.Көккөзов, Сарыжаз орманшылығының орман күтушілері: Р.Қасқарауов, Д.Мүсірбаев Байынқол орманшылығының орман күтушілері: Р.Жұмабаев, Н.Тлеубердиев, Е.Бегдалиев, Текес орманшылығының орман күтушісі: Е.Насипбеков, Шалкөде орманшылығының орман күтушісі: Ж.Жанпейсов, Қақпақ орманшылығының орман күтушісі: Ұ.Нүсіпбеков, Ойқарағай орманшылығының орман күтушілері: Д.Шойбеков, С.Іляс,М.Смайловтың есімдерін мақтанышпен айтуға болады.

        Халыққа отын босату селолық округ әкімдерінің сұраныс негізінде босатылады. 2021 жылға орман қалдықтарын жинау 2402 т.м, 460 текше метр өзгеде мақсатта ағаш кесу, өтімді сүректерді жинау жоспардағыдай аяқталуда.

        Арнайы есеп шотқа қолдағы бар мүмкіндікті пайдаланып халыққа отын, аула тазалайтын сыпырғыштарды, монша сыпыртқысын сату жоспарланып жұмыстары жүргізілуде.

Е.Е. ЖҰМАҚАНОВ,

орман қорғау инженері.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password