ОРМАН –ХАЛЫҚ БАЙЛЫҒЫ

        Нұрбол мәжитұлы алиев,

   «Нарынқол орман шаруашылығы» мм директоры

   Біз табиғаттың өзін қайта түлететін ұрпақпыз. «Жер,су, ауа — адам баласының ұрпағынан ұрпағына мұра болып келе жатқан мол қазына.

     Елбасы биылғы Жолдауын «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» деп атады. Президент Жолдауы-мемлекеттің тыныс – тіршілігіне, қам қарекетіне ерекше леп қосатын, серпін беретін маңызды құжат. Ол ел дамуының бүгіні мен болашағын айқындайды. Жылдам өзгеріп жатқан әлемнің бет алысынан, қарқынынан туындайтын аса қажетті міндеттерге аударды, қолға алатын жұмыстарға нақты бағдар берді десек болады. Мемлекет басшысы ұстаздар, дәрігерлерден бөлек, мәдениет қызметкерлерінің, мұрағатшылар, кітапханашылар, техникалық қызметкерлер, қорықшылар, көлік жүргізушілер т.б сала мамандарының жалақысын 2022 жылдан бастап 2025 жылға дейін осы санаттағы азаматтық қызметкерлердің жалақысын жыл сайын орта есеппен 20 пайызға өсіріп отыруды тапсырды. Бұл да қуанарлық жай. Осы жолдауды қолдай отырып, мекеме қызметкерлері табиғат байлығын сақтауды оны өрттен қорғауды басты міндеттері деп біледі. Қазіргі кезде барлық азамат алдында күрделі міндеттердің бірі – табиғатты қорғау. Бүгінгі таңда айналамыздағы ортаны қорғау мен табиғат байлықтарын тиімді пайдалану мәселесі ерекше көтеріліп, назар аудартып отыр. Экологияның мағынасына терең үңіліп, оның «тіршілік ету міндетті» деген пайымды білдіре отырып, өз табиғатымызды аялаудың маңызын зор еңбек деп білеміз.

     Біз адамзат табиғат қорғаны. Атадан балаға мирас болып келе жатқан табиғатымызды көздің қарашығындай сақтап, анамыздай аялап келер ұрпаққа таза күйінде қалдыруымыз керек. Табиғат – адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. Сол сұлулықты, әсемдікті жоғалтпай қастерлеуіміз керек. Бұл жайында халқымыздың қалдырған тағылымдық, тәрбиелік мәні зор. «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын», «Бұлақ көрсең көзін аш», «Бір тал кессең он тал ек» тағыда басқа ұлағатты сөздері қазіргі ұрпаққа үлгі- өнеге.

        Мекеменің жалпы жер көлемі – 194066 гектар (100) пайыз, оның ішінде орманды алқабы- 62050 га, соның ішінде орман екпелері 6966 га. Мемлекеттік мекеме аймағы 6 орманшылыққа бөлінген:

         Текес орманшылығы 23254 га, Қақпақ-37549га, Байынқол орманшылығы 43444 га, Шалкөде орманшылығы 27240 га, Ойқарағай орманшылығы 38922га, Сарыжаз орманшылығы 23657 га. Орташа орман күзету алаңы 4,0 мың гектардан болып бөлінген. Бүгінгі таңда алты орманшылықта 6 орманшы, 8 орман шебері, 49 орман күтушісі жұмыс атқарады. Ұжымда 28 адам жоғары білімді, 22 адам арнаулы орта, 39-орта білімді. Орман күтушілері өз мезгілінде еңбек демалысына шығып тұрады. Құрметті әріптестер! Отан байлығын көздің қарашығындай қорғап жүрген орманшылар! Төл мерекелеріңіз құтты болсын! Отбастарыңызға жақсылық, береке, бірлік, еңбектеріңізге толайым табыс тілеймін!

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password