«Onlaın qabyldaý» бұрышы жұмыс істеуде!!!
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев өзінің «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асырудың бәрімізге ортақ міндет екендігін айтты. Қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел әрекет ету мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары болып саналады. Осыған байланысты, аталған бағытта Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті тиісті жұмыстар жүргізуде.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің бастамасымен Райымбек ауданында да Онлайн қабылдау бұрыштары ашылып, қол жетімді қызмет түріне айналуда.
Елімізде қазіргі таңда мемлекеттік органдар мен халықтың қарым-қатынасын электрондық форматқа ауыстыру заман талабы болып отыр. Халық үшін тиімді жоба және мемлекеттік органдардың міндеті халықпен тиімді өзара іс-қимылды орнату үшін бұл белсенділікті оңтайлы пайдалану құпталады. Көбінесе қызмет алушыларға шынайы, өзекті ақпарат жетіспейді немесе толғандыратын сұрақтарға тез жауап алу мүмкіндігі жоқ.
Сол себепті департамент бастап отырған бұл жоба шалғай жатқан ауылдық елді мекен тұрғындары үшін таптырмас жоба.
Себебі, аудан орталығынан шалғай орналасқан елді мекендер ауданға келмей-ақ, өз ауылының әкімдік ғимаратында орналасқан Онлайн қабылдау бұрышына барып, аудан әкіміне, аудан әкімінің орынбасарлары мен мемлекеттік мекеме басшыларына өз көкейтесті сұрақтарын қойып, жауабын ала алады.
Қазіргі таңда Онлайн қабылдау бұрыштары ауданымызда жалпы саны – 16. Оның ішінде 1-і аудан әкімінің аппаратында және 11-і ауылдық округтер мен 4-і сервистік әкімдікте орналасқан «Onlaın qabyldaý» бұрыштары жұмыс жасауда.
М. Нұрмұханбетқызы,
аудан әкімі аппаратының
мемлекеттік қызметтер және
ақпараттық технологиялар
бөлімінің басшысы.
0 Пікір