ОЙҒА ОЙ ҚОСТЫ

    Мемлекет басшысы Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын жариялап, Қазақстанның алдағы даму стратегиясын айқындап берді. Халқымыз «Бірінші байлық – денсаулық» деп бекер айтпаған. Коронавирус денсаулық сақтау саласы үшін үлкен сынақ болды. Әлемді жайлаған індеттің беті әлі қайтар емес. Күн сайын мыңдаған азаматымыз дертке шалдығып, талай адам өмірден өтуде. Біз уақыт ұттырмай індетпен күресу шараларын дереу алдық. Қазақстан – коронавирусқа қарсы вакцина жасап шығарған әлемдегі санаулы мемлекеттің бірі. Біздің вакцинамыздың тиімді әрі қауіпсіз екеніне еш күмән жоқ. Қазір «QazVac»-қа өзге мемлекеттер де сұраныс білдіруде. Елімізде вакцина қоры жеткілікті, азаматтарымыздың таңдау мүмкіндігі бар. Көптеген мемлекеттердің бұған қолы жетпей отыр. Елімізде жаппай екпе салу жүріп жатқанымен, қоғамда оған қарсы адамдар әлі де көп. Сондықтан, екпе алуға қарсы үгіттеп жүрген- дердің жетегінде кетпеген жөн. Адамзат көптеген індетті бастан өткерген. Вакцина пайда болғаннан кейін ғана қауіпті дерттерге тосқауыл қойылғанын ұмытпауымыз керек. Қазір «бустерлік вакцинаны» сатып алу өте маңызды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында тіркелген вакциналарды тезірек сатып алу қажет. Сонымен бірге, бүкіл денсаулық сақтау саласын тұрақты екпе алу жүйесіне дайындаған жөн. Бұл шара тиісті заң жобасында қарастырылған. Парламенттен осы заң жобасын қазіргі сессияның соңына дейін қабылдауды сұраймын»-деген мемлекет басшысы, бұдан ары қарай еліміздің денсаулық сақтау орындарында аты жаман індетке қарсы жазда жасалынып жатқан жұмыстарға лайықты баға беріп, өз пікірін білдірді. Бүгінгі таңда бүкіл әлемдегі сияқты біздің елімізде осынау алаңдатып тұрған аты жаман кеселге қарсы тұрудың бар амалын қарастыруда, нәтижесі де жоқ емес. Осы орайда, Райымбек аудандық орталық ауруханада да жанды жұмыстар жүзеге асырылып, тиісті жетістігін беріп отырғанын айтқым келеді. Қазір адамдарды екпе қабылдауға өз еріктерімен келудің жолдары қарастырылуда. Бүгінгі таңға дейін екпенің бірінші және екінші кезеңдерін аудан тұрғындары толықтай алуға қол жеткізді. Екпе алу жұмысы әлі де жалғастырылуда. Жолдауда атап көрсетілген барлық мәселелер елге, халыққа арналғаны белгілі. Сондықтан мен мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауын қуана құптаймын, қолдаймын!

Төлебай АЙНАБЕКОВ,

аудандық аурухана директорының

халыққа қызмет көрсетуді ұйымдастыру

жөніндегі орынбасары.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password