Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Өмірзақ Ниязбеков Қорам ауылында көлік оқиғасынан зардап шеккен қыздардың қал-жағдайын білу үшін Шелек ауылындағы аудандық ауруханаға арнайы барды, деп хабарлайды «JETISÝ MEDIA»

          Бүлдіршіндердің қазіргі жағдайымен танысқан басқарма басшысы, балалардың сауығып кетуі үшін барлық қажетті көмек жасалынатынын айтты.

Ауруханаға Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасынан күнделікті нейрохирург, травматолог, реаниматог мамандар келіп, балаларға медициналық көмек көрсетуде.

Қазіргі уақытта Шелек ауылындағы аудандық ауруханаға түскен 2021 жылы туған екі баланың жағдайы өте ауыр. 2011 жылы туған үшінші қыз баланың жағдайы орташа ауырлықта. Ол Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасында ем қабылдап жатыр.

Қазіргі таңда травматолог дәрігерлердің қатысуымен ота жасалды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев зардап шеккен қыздардың өміріне алаңдаушылық білдіріп, істі өз бақылауына алатынын жеткізген болатын. Алматы облысының басшысы Амандық Баталов оқушылардың емделіп, денсаулықтарын қалпына келтіруге бағытталған барлық тиісті шаралар қабылданғанып жатқандығын атап өтті.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password