ОБЛЫСТЫҚ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ТОБЫ АУДАНЫМЫЗДА

        Жуырда облыстық АТТ құрамы 2022 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес, аудан аумағында нысаналы топ өкілдерімен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын республикалық және облыстық АТТ мүшелері, орталық директорының орынбасарлары Е. Матаев, С. Жаңабай және орталықтың бөлім бастығы А. Асанов пен дінтанушы маман Ә. Төлеуов жүргізді.

        «Экстремизм мен терроризмге жол бермеу», «Әлеуметтік желідегі теріс діни топтардан сақтану» тақырыптарында ұйымдастырылған шараларда аудан аумағындағы жалпы білім беретін мектептердің директорлары, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, тарих-дінтану және дене шынықтыру пәні мұғалімдері, Нарынқол ауылдық мәдениет үйі қызметкерлері мен көркемдік жетекшілері, кітапхана меңгерушілері қамтылды. Сондай-ақ, «Деструктивті діни ағымдардың сипаттары мен қызметі» тақырыбындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында аудан орталығындағы «Райымбек батыр» атындағы спорт кешенінің жаттықтырушылары арасында және аудан аумағындағы өңірлік мешіттерде қызмет атқаратын имамдар қамтылса, «Дінтанулық сауаттылықты арттыру бүгінгі күннің талабы» тақырыптарында О.Жандосов, Т.Жанұзақов, Б.Соқпақбаев атындағы орта мектептерінің жоғары сынып оқушылары қамтылды.

         Кездесуде қатысушылар арасында әлеуметтік сауалнама жүргізіліп, ақпараттық таратпа материалдар үлестірілді. Кездесуге қатысушылардың тарапынан қойылған сұрақтарға арнайы мамандар тұжырымды жауаптар берді.

«ХАНТӘҢІРІ».

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password