16 C
Нарынкол
Суббота, 20 апреля, 2024
No menu items!
Маңызды

ОҚЫРМАНДАРЫМЫЗ СЫЙЛЫҚТАР АЛДЫ

    Қадірлі оқырман! Ауданымыздың төл газеті, 86 жыл бойы аудан халқының өмірімен біте қайнасып келе жатқан «Хантәңірі» газетіне 2023 жылға жазылып, өз газеттеріңізді қолдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз.  Өздеріңіз білетіндей газетімізге 2023 жылы бір жылға толық жазылып, газетке жазылғандығын растайтын түбіртекті «Хантәңірі» газетінің редакциясына өткізген оқырмандар арасында «Оқырманға он сыйлық» атты ұтыс ойындары ойнатылған болатын. Ойын ережесінде көрсетілгендей 2022 жылдың 30-желтоқсан күні сағат 15:00 де hantaniri.gazetii инстаграм парақшасында тікелей эфирде, көрермендер алдында он сыйлықтың иелерін анықтадық.

 Жаңа жыл мерекесі қарсаңында бағы жанған 10 оқырманымыз біздің бағалы сыйлықтарымызды алды. Яғни, 1-орынды газетеміздің оқырманы, Нарынқол ауылының тұрғыны Мұқашев Нұрлан мырза иеленіп, «ұялы телефон» ұтып алды. 2-орынға қойылған «қысқа толқынды пеш» Нарынқол ауылының тұрғыны Мешинбаева Айнұр ханымға бұйырды. Осы тұста айта кету керек екінші орынның иесі біздің газетке демеушілікпен жазылған болатын. Яғни, газетіміздің шынайы жанашыры, туған жеріне әрқашан көмек қолын созып жүретін Райымбек ауданының Құрметті азаматы Тілек Юсупов мырзаның жаздырған оқырмандарының бірі. 3-орынға тігілген «бумен үтіктейтін үтікті» Қайнар ауылының тұрғыны Алтынхан Искакова алды. 4-5 орындар Нарынқол ауылының тұрғыны Сәлмекеев Айбол мен Рахымбаева Зауреге бұйырып екі оқырманымыз «газетімізге 5 рет тегін құттықтау беруге мүмкіндік» алды. 6-орындағы «10000 теңгелік сертификат» Нарынқол ауылының тұрғыны Тойлыбай Дархан мырзаның еншісінде. 7-орынның сыйлығы «блендер» Нарынқол ауылының тұрғыны Иемберген Рыскелді мырзаға бұйырды. 8-9 орындағы екі «5000 теңгелік сертификат» Нарынқол ауылының тұрғындары Дәукеев Талғат мырза мен Ақмолдаев Айбек мырзаға бұйырды. 10-орын «электр чайнигін» Нарынқол ауылының тұрғыны Чотбаев Алтай мырза алды.

Барлық ойынға қатысушыларға және оқырмандарымызға алғыстан басқа айтар жоқ. Алдағы уақытта да «Хантәңірі» газетінен қол үзбей тұрақты жазылушымыз болады деп ойлаймыз. Жеңімпаздарды құттықтай отырып, барлықтарыңызға тек жақсылықтар тілейміз!

«ХАНТӘҢІРІ».

Соңғы жаңалықтар

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ БІРГЕ ҚОРҒАЙЫҚ!

Табиғатты қорғау - адамзаттың басты міндеттерінің бірі. Табиғатты қорғау дегеніміз - табиғаттың әр бөлшегіне жанашырлықпен қарау, оның ресурстарын тиімді...

Осыған ұқсас мақалалар