Оңалту бөлмесі ашылды

 

Жақсылықтың нұры  жанарларында жарқыраған балаларға қарап қуандық. Асыр салып ойнап жүрген бейкүнә бүлдіршіндерге бақытты балалық  сыйлаған «Жартас» Қазақстан Қоғамдық  қорының директоры Роза Кайбатыроваға  көптің ішінен алдымен аналар  ризашылық танытты. Қайырымды жан Роза Барлықбайқызы  өз демеушілігімен аудандық аурухана емханасында балалар кеңес бөлімінің Оңалту бөлмесінің ашылуына мұрындық болды.

Әнуар Оспанов, Сәуле Идинова сияқты бірқатар ақ желеңді абзал жандар қатысып, алғыс, тілектерін білдірді.

Аудан бойынша барлығы 71 мүгедек бала бар. Оның ішінде  церебалды паралич диагнозымен 21 бала диспансерлік есепте тұрады.

–  Кішкентай жақсылығымыз арқылы көпке үлгі боларлық іс істесек деп едік. Соның,  міне, алғашқы қуанышы ретінде Оңалту бөлмесі ашылып жатыр. Осындай қайырымдылық іс-шараларымызды  Қайнар, Қақпақ, Текес ауылдарына, Нарынқолдағы О.Жандосов атындағы орта мектебіне  қолдан келгенше көмек көрсеттік. Жақсылық жасаудан жарысайық. Елімізге пайдамыз тисе деген ниеттен туған бастамамызды эстафета ретінде жалғастыратын  азаматтар табылса, нұр үстіне нұр болары еді, –деді  «Жартас» Қазақстан Қоғамдық  қорының директоры Р.Кайбатырова.

Жаңадан ашылған Оңалту бөлмесіне  қомақты қаржыға 11 түрл і жаттығу жасайтын құрылғы сатып алынды. Ендігі жерде  сал ауруы, орталық не, шеткі жүйке жүйесі қозғалыс орталығының зақымдануы сияқты науқас балалармен жұмыс істеу  дәрігерлер үшін  көп жеңілдік болып отыр. Бұған науқас балалардың ата-аналары да дән риза.

Салтанатты шарада аудандық аурухана дәрігерлері кішкентай бүлдіршіндерге арнап сыйлықтар беріп, тәтті тағамдардан дастархан жайды.

Серікжан Мурасилов, «Хантәңірі».

Суреттерде: 1) аудан әкімі Н.Сағатбекұлы  мен   «Жартас» Қазақстан Қоғамдық  қорының директоры Р.Кайбатырованың лента қию сәтінен.

2) аудандық аурухананың бас мейірбикесі А.Исамолда  демеушілік танытқан жанға камзол кигізіп құрмет көрсетуде.

3) Оңалту бөлмесіндегі балалар.         

                                                                                                                                          

 

 

 

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password