«Nur Otan» партиясы Райымбек аудандық филиалының XXVII-ші есеп беру – сайлау Конференциясы өтті.

          2021 жылғы 27 сәуір күні, сағат 15-00 де Райымбек ауданы, Нарынқол ауылы, аудан әкімдігінін кіші мәжіліс залында онлайн және офлайн форматта «Nur Otan» партиясы Райымбек аудандық филиалының XXVII-ші есеп беру –сайлау Конференциясы өтті. Белгіленген өкілеттік нормасына сәйкес «Nur Otan» партиясы Райымбек аудандық филиалының XXVII-ші есеп беру –сайлау Конференциясы жұмысына жергілікті бастауыш партия ұйымдарынан сайланған 36 делегаттың 31 қатысты, 5 делегат орынды себептермен қатыса алмады. Конференция жұмысына сонымен қатар, «Nur Otan» партиясы Райымбек аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Н.К.Құдайбергенов, «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық Саяси кеңес мүшесі Алиев Нурбол Маджитұлы, аудандық масдихат депутаттары, саяси кеңес мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты. Дауыс беру нәтижесінде Конференция жұмысын жүргізу үшін конференцияның жұмысшы органдары: Редакциялық комиссиясы, Конференцияның хатшылығы сайланды. Конференцияның күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қаулыларды қабылдау үшін, дауыс беру ережесіне сәйкес, ашық түрде дауыс беру бекітілді. Конфенцияның күн тәртібіне орай, Конференция төрағасы Н.К.Құдайбергенов, кіріспе сөз сөйлеп, «Nur Otan» партиясы Жарғысының 9.6 тармағына сәйкес есеп беру-сайлау конференциясында партия филиалының 2 жылда атқарған жұмыстарын тыңдау, Саяси кеңес мүшелерін сайлау мәселелері қарастырылуы қажет. Бүгінде барлық 12 бастауыш партия ұйымында есеп беру-сайлау жиналыстары өткізілді. Бүгін аудандық партия филиалының жұмыстарын саралап, сайланбалы органдарды анықтайтын боламыз – деді. Күн тәртібіндегі 1-ші мәселе — Райымбек аудандық партия филиалы Саяси кеңесінің 2019-2020 жылдардағы атқарған жұмысы және алдағы міндеттері туралы Райымбек аудандық партия филиалы төрағасы Құдайбергенов Нұржан Кеңесұлы сөйледі.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе — Райымбек аудандық партия филиалы Саяси кеңес мүшелерін сайлау бойынша «Nur Otan» партиясы Райымбек аудандық есеп және сектор меңгерушісі Оразбек Меруерт Оразбекқызы сөз сөйлеп, аудандық Саяси кеңес құрамымен таныстырды. Дауыс беру нәтижесінде Саяси Кеңесі құрамы бекітілді.

Күн тәртібіндегі 3-ші мәселе — Алматы облыстық партия филиалының XXVIII есеп беру-сайлау конференциясы шақырылуына байланысты аудандық филиал атынан конференцияға облыстық партия филиалының квотасы бойынша 11 делегаттың тізімі бекітілді.

Тізім бойынша Алматы облыстық партия филиалының XXVIII-ші есеп беру-сайлау конференциясына Райымбек аудандық партия филиалынан ұсынылған 12 делегат сайланды.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password