«Nur Otan» — нақты істер партиясы
Еліміздің саяси аренасында «Nur Otan» партиясы бүгінгі күні қоғамды ұйымдастыратын, экономика мен саясатта ауқымды реформаларды тұрақты түрде жүзеге асырып, ел дамуына ерекше үлес қосатын басым саяси күшке айналып отыр. Қатарында 795 363 мүшесі бар партия өткен жылдың аяғы мен ағымдағы жылдың басында үлкен саяси ауқымды оқиғалар мен іс-шараларды жүзеге асырды. Партияішілік таңдау «праймериз» өткізіп, еліміздегі маңызы мен мазмұны ерекше ірі саяси оқиға — Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат сайлауына қатысты. 2021 жылдың 10 қаңтарында өткен саяси додада халықтың басым бөлігінің сеніміне бөленіп, Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттағы депутаттық мандаттарға ие болды. Сайлау аяқтала салысымен Райымбек аудандық мәслихатының 10 депутаттық мандатына ие болған «Nur Otan» партиясының өкілдері Райымбек аудандық мәслихатындағы депутаттық фракциясын құрып, үгіт-насихат жүргізу кезінде халыққа ұсынған өздерінің сайлауалды бағдарламасын орындау мақсатында нақты істерді жүзеге асыруға кірісті. Алматы облысы, Райымбек ауданы бойынша «Nur Otan» партиясының «Өзгеру жолы: барлығына лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасы жасалып, 2021-2025 жылдар аралығындағы атқарылатын іс-шаралардың жүзеге асуын қатаң бақылау үшін депуттатарға нақты міндеттер жүктелді. Нақтырақ айтсақ ауданда жүзеге асатын жобалар мен салынатын объектілер депуттаттардың жеке қадағалауына бөлініп беріліп, олардың сапалы орындалуына қатаң бақылау жүргізу жауапкершілігі жүктелді. Сонымен бірге «Nur Otan» партиясы Райымбек аудандық филиалы жанынан консультативтік – кеңесші 8 қоғамдық кеңес құрылып, кеңес ережелері мен олар атқаратын жұмыс жоспарлары «Nur Otan» партиясы Саяси кеңес Бюросы отырысының шешімімен бекітілді. Олар — «Партиялық бақылау комиссиясы мәселелері бойынша» қоғамдық кеңес, төрағасы — С.Мүсірбаев; «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі» қоғамдық кеңес, төрағасы М.М.Себдайр; «Аймақтық даму мәселелері бойынша» қоғамдық кеңес, төрағасы — Н.Алиев; «Отбасы, әйелдер менбалалар құқығын қорғау, әлеуметтік даму туралы» қоғамдық кеңес, төрайымы – Қ.К.Қаржаубайқызы; «Жастарды қорғау мәселелері бойынша» қоғамдық кеңес, төрағасы – Н.Шымырбаев; «Ауыл шаруашылық мәселелері бойынша» қоғамдық кеңес, төрағасы – Б.Қойлыбаев; «Қоршаған ортаны қорғау туралы» қоғамдық кеңес, төрағасы – Е.Жұмаханов. Кеңестердің міндеті Райымбек ауданы бойынша «Nur Otan» партиясының «Өзгеру жолы: барлығына лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасының бағыттарын тиімді жүзеге асыруына ықпал ету болып табылады. Кеңестердің құрамы мәслихат деутатары, партияның беделді де белсенді мүшелері, қоғамдық бірлестіктер, бизнес-құрылымдар өкілдері мен сарапшылардан тұрады. Құрылған кеңестер, Райымбек аудандық «Nur Otan» партиясы филиалының жұмысына тың серпін беріп, нақты нәтижелерге қол жеткізуге, қоғамның барлық әлеуметтік топтарының мүдесін қорғауда, аудан экономикасының сапалық деңгейін көтеріп, аудан халқының әл –ауқатын жақсартуға ықпал етіп, «Nur Otan» партиясының нақты істер партиясы ретіндегі саяси беделін арттырады.
Гүлнара АРИПОВА,
«Nur Otan» партиясы Райымбек аудандық
филиалы төрағасының бірінші орынбасары,
аудандық мәслихат депутаты.
0 Пікір