«Nur Otan»-ды қолдауға шақырды
Баққожа Мұқай атындағы аудандық мәдениет үйінде «Nur Otan» партиясы Райымбек аудандық сайлауалды штабының үгіт насихат жұмысын жүргізу үшін карантиндік тәртіпті қатаң сақтай отырып арнайы жиын болып өтті. Бас қосуға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне депутаттыққа кандидат болып тіркелген, праймериз барысында жоғары бал жинап, халықтың үлкен қолдауына ие болған, елі сенім білдірген Ержан Бәкірбайұлы Жасыбаев пен Жанна Тлеубекқызы арнайы келіп қатысты.
Отырыстың басын «Nur Otan» партиясы Райымбек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Г. Р. Арипова ашып, жүргізіп отырды. Сөзінің басын аман-саулықтан бастаған Г. Арипова Е. Бәкірбайұлы мен Ж. Тлеубекқызын халық таңдауына ие болып Мәжіліске депутаттыққа кандидат болып тіркелегендерімен шын жүректен құттықтады. Сонымен қатар, 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін сайлау елдегі бұрын-соңды болған сайлаулардан ерекше екенін айтып. Бұл додада сайлаушылар бұрынғыдай жеке тұлғаларға емес, сайлауға қатысуға ниет білдірген сайлау комиссиясына үміткер ретінде тіркелген партия үшін дауыс беретіндігін тілге тиек етті. Бүгінде «Nur Otan» партиясының 4.5 мыңнан астам бастауыш партия ұйымдары өз қатарына 800 мыңнан астам партия мүшелерін біріктіріп, парияның 181 аудандық, 36 қалалық, 17 облыстық, 13 кәсіпорындық, барлығы 247 филиалы партияның беделін көтеру үшін аянбай еңбек етіп отырғанын әңгімесіне өзек жасады. Сондай-ақ, партияның сайлаулды бағдарламасымен таныстырып, кездеуге жиналған халықпен ой бөлісіп, пікір білдіру үшін сөз тізгінін Е. Бәкірбайұлына берді. Сөз кезегін алған үміткер жиналған халықты ұлық мереке Тәуелсіздік күнімен құттықтап, аудан тұрғындарына өзіне сенім артқаны үшін алғысын білдірді.
Бағдарлама барысында негізгі бес мәселе бойынша сөз қозғады. Бірінші мәселе: білім сапасын жақсарту. Осы мақсатта «Nur Otan» партиясы төмендегідей міндеттер қойып отырғаны белгілі болды.
2025 жылға қарай білім саласын 520 компьютермен қамтамасыз ету. Білім беру саласының 1 объектісін салу, 5 объектісін күрделі жөндеуден өткізу, оның ішінде: 2021 жылы Ақбейіт ауылында мектеп салу. 2022 жылы Көмірші орта мектебі мен Сарыбастау ауылындағы С.Сауранбаев атындағы мектепті, 2023 жылы Т. Мұсақұлов атындағы мектепті, 2024 жылы Көкбел ауылындағы Көксай орта мектебін, 2025 жылы Нарынқол ауылындағы Т. Жанұзақов атындағы орта мектептерді күрделі жөндеуден өткізу.
Екінші мәселе: таза ауыз су. Бұл үшін «Nur Otan» партиясы 2022 жылы Көкбел ауылында 4 шақырым орталықтандырылған су жүйесін салу. 2023 жылы Қарасаз 8 шақырым, Жаңа Текес 2 шақырым, Тұзкөл 2 шақырым, 2024 жылы Сүмбе ауылында 9 шақырым су жүйесін қайта жөндеу. Осы аталған шаралар ауданның 41 мың тұрғынын 100 пайыз таза, орталықтандырылған ауыз сумен қамтуға мүмкіндік береді.
Үшінші мәселе: денсаулықты нығайту. Медециналық қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында «Nur Otan» партиясы 2021 жылы Нарынқолда аудандық емхана салу, 2021 жылы 2 медициналық пункттер Көмірші және Жаңа Текес ауылдарында. 2022 жылы 2 фелдшерлік акушерлік пункттер Қаратоған және Талас ауылдарында және Нарынқол ауылындағы аудандық аурухананы күрделі жөндеуден өткізу. 2023 жылы Сүмбе селосындағы ауылдық аурухананы күрделі жөндеуден өткізу. 2024 жылы Қайнар ауылындағы дәрігерлік амбулаторияны күрделі жөндеуден өткізу.
Төртінші мәселе: көгілдір отынмен қамту. 2022-2023 жылдары Райымбек ауданы мен Кеген ауданы көгілдір отынмен қамтылады. Бұл ауыл тұрғындарының уақытын үнемдеуге өте қолайлы. Көгілдір отынның басқа да тұрмыстық тіршіліктерге көп пайдасы тиері анық.
Бесінші мәселе: туризмді дамытуды қолдаймыз. Бұл үшін «Nur Otan» партиясы 2022 жылы Жамбыл ауылдық округінде э к о т у р и з м с а л а с ы н а бағытталған 1 туристік объект салу жүзеге асырылады. Туризмді дамыту әлеуетін пайдалана отырып, жыл сайын туристер санын 2500 адамнан 4000-5000 адамға дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Осындай басты бес мәселе бойынша әңгіме өрбіткен Е. Бәкірбайұлы халыққа түсінікті әрі тұшымды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Келесі кезекте сөз кезегін алған Ж.Тлеубекқызы сенім артқан халықтың сенімін ақтауға тырысамыз дей келе қиындықтарды бірге жеңіп, бірге жеңіске жетуге шақырды. Жиналыстың соңында кандидаттар жиынға келген халықпен ашық пікір алмасу үшін әңгіме-дүкен құрды. Пікір алмасу барысында халық тарапынан түскен әртүрлі ұсыныстар мен сұрақтарға қанағаттанарлық жауап берілді. Соның бірі — ауылдағы кәсіпкерлікті қолдауға қандай жұмыстар жасалынбақ деген сұрақ. Сұраққа «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде жыл сайын 60 мемлекеттік грант, 15 микронесие бөлу. Еңбек нарығының сұраныстарын ескере отырып кадрларды қайта даярлаудың тиімді тетіктерін пайдалана отырып оқыту. Бұл шаралар 2025 жылға қарай жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес объектілерінің саны 2997-ге дейін жеткізіп, онда жұмыс істейтіндер санын 3600-ге ұлғайтуға мүмкіндік берді», — деген жауап берілді. Үгіт-насихат барысында «Nur Otan» партиясына көңілі толған көпшілік жеңісті күнде жолыққанша деп тарқасты.
Дастан ҚАСЕНҰЛЫ.
0 Пікір