Өнім сапасы назардан тыс қалмауы тиіс

      Ішкі нарықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ұлттық стандартқа деген сенімді дамытып, сертификаттау жүйесін жолға қою қажет. Осы мақсатта «Техникалық реттеу туралы» ҚР Заңын жаңа редакцияда дайындау және оны жыл соңына дейін қабылдауды қамтамасыз ету тапсырылды. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында мәлім болды.

Техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті орган «Техникалық реттеу туралы» Заңның жаңа жобасын әзірледі, оған 2020 жылғы 30 желтоқсанда қол қойылды. Аталмыш заң жобасы 2021 жылдың 1 шілдесінен, бастап өз күшіне енеді.

«Мамандандырылған заң жобасына өзгеріс енгізудегі мақсат өнімнің сапасына жіті мән берумен, нарықты бақылау, тауарды айналымға шығару кезінде бекітілген талаптардың қатаң сақталуын қамтамасыз ету», — деді Қазақстан Республикасы Интеграция және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология департаментінің Алматы облысы бойынша басшысының орынбасары Бибігүл Омарова.

Бүгінгі күні, азық-түлік тауарларының сапасыздығынан туындайтын жағымсыз салдармен ҚР азаматтарынан келіп түскен өтініштер санының артуы үнемі кездесетін түйткілді мәселеге айналуда. Осы тұрғыда Техникалық регламент талаптарына қайшы келетін заңбұзушылықтарды жедел түрде анықтап, арнайы шаралар қолдану басты назарға алынып отыр.

Техникалық реттеу, аккредиттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы түсіндіру бойынша неғұрлым толық ақпарат алу қажеттілігі туындаған жағдайда техникалық реттеу және метрология департаментіне жүгінуге болады.

Айта кетейік, тауар сапасына қатысты мемлекеттік қадағалау шараларын жетілдіру үшін профилактикалық бақылау жұмыстары жүргізілетін болады.

Айсана Майкен

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password