Намысшыл болған екен

Мұқағали Мақатаев тумасынан өте дарынды, алғыр, талантты, өте намысшыл болған екен.

    Намысы бар жігіттің нар күші бар. Намыс адамды жақсылыққа жетелеуші, намыс жан тазалығы, ар өлшемі, тектік нысаны. « Өзіңе сенсең құстай ұшасың,  біреуге сенсең мұрттай ұшасың»,- деп, намысын қайрай білген жөн, қашанда алға қойған мақсатының асқар шыңына жеткен.

    Мұқағали Мақатаев аса намысшылдығының арқасында алға қойған мақсатына жеткен.

    Қазіргі кезде М. Мақатаевты барлық Қазақстан халқы толық танып, оның ішінде жастарымыз өлеңдерін оқып, пір тұтып, абыройын асқақтатуда. Тіпті шет аймақтағы қандастарымыз Мұқағалиды шынайы танып, оның өлеңдеріне тәнті болды.

    М. Мақатаевтың туған ауылы Қарасаз қасиетті, киелі жер. Оны өзінің мына төмендегі өлеңі айғақтайды.

                                   Мен туған жер Қарасаз баурайдағы,

Жалғанда жер біткеннің бал, қаймағы.

                                  Есім кетіп жүргенде ес білдірген,

 Жаралған жұлдызым ғой маңдайдағы.

Бақытым ғой «Қарасаз» келіп қонған,

                                   Кисем киім, ішсем ас, көлік болған.

 Мендей ұлдың осы жер мыңын туып,

                                   Әлі күнге мыңына жерік болған.

                                                                        (М. Мақатаев)

     Мен  М.Мақатаевты Нарынқол ауылында аудандық «Советтік шекара» газетінің  редакциясында жұмыс істегенінен білемін. Ол семьясымен Нұрдаулетов Сүттібай деген кісінің бір үйінде тұрды. Ол кезде мен мектепте оқушымын. М. Мақатаев мотоциклмен жұмысқа барып жүргенде біздің үйдің жанынан өтетін.

     Кейін есейіп, жұмысқа араласқаннан кейін Мұқағалидың өлеңдерін оқып, дарынды ақын екенін біліп, оны аса құрметтейтін болдым.

     1979 жылы М. Мақатаевтың 50 жасқа толу мерейтойы Нарынқол ауданы бойынша Нарынқол селосында өткізілді.

     Аудандық орман шаруашылығы мекемесінің паркінде ауданның колхоз, совхоздары мен мекемелері қазақ үйлер тігіп, мерейтойға дайындық жасады. Ол кезде мен XIX партия съезі атындағы колхозда партия комитетінің секретары едім. Біздің колхозда қазақ үй тігіп, үлкен дайындық жасап, келген қонақтарды күттік.

     М. Мақатаевтың 50 жылдық мерейтойына республиканың, облыстың ақын- жазушылары, ғалымдар, облыс, аудан басшылары қатынасты. Нарынқол аудандық мәдениет үйінде ғылыми конференция өткізіліп, М. Мақатаевтың өмір жолын, өлеңдерін оқып, естеліктері айтылды. Оның мерейтойы өте жоғары дәрежеде өткізілді.

     М. Мақатаевтың 80 жылдық мерейтойына республика, облыс көлемінде жоғары дайындық жасап, ұйымдастырылып, Қарасаз, Шалкөде жайлауында өте жоғарғы деңгейде өткізілді.

     Мерейтойға Республика мен облыстың ақын, жазушылары, ғалымдар, облыс, аудан басшылары, облыс, аудан халқы жиналып, М. Мақатаевтың абыройын асқақтатты.

     М. Мақатаевтың 80 жылдық мерейтойына 2 мыңнан аса халықтар жиналғаны мені таңқалдырды. Басқа тойларда мұндай халық жиналған емес. Бұл М. Мақатаевты халқының, ғалымдардың, ақын жазушылардың өте жоғары деңгейде құрметтейтіні, оған деген шексіз берілгендігін көрсетеді.

     Қазіргі кезде М. МАқатаевтың өлеңдері музыкаға түсіріліп, әншілеріміз сахнада орындауда.

     М. Мақатаев пен Нұрғиса Тілендиев екеуі бір ай бірге болып, Мұқағали 30(отыз) өлең жазып, композитор Н. Тілендиев музыкаға түсірген. Бұл әндерді әншілеріміз, жастарымыз әрі қарай дәріптеуде.

     М. Мақатаев орыс халқының ұлы жазушысы А. С. Пушкиннің, Лермонтовтың, Л. Толстойдың және басқа жазушылардың шығармаларымен оқып танысқан. Қарасаз ауылындағы бұрынғы Энгельс атындағы колхоздағы екі бөлмелі үйінің бір керегесінде осы жазушылардың еңбектері, кітаптары жиналған кітапханасы болған. Ол кезде Мұқағали мектепте мұғалім болған. Осы еңбектерді байланыс бөлімі арқылы алдырып отырған.

     Бұл күндері Мұқағалидың жырларын жарыса жаттап, жан-жақты талдау жасап жатқанымызбен діни тақырыпта жазған өлеңдері барын енді ғана сезіне бастағандаймыз. Мұқағали өз өлеңінде:

«Дін- ғылымның анасы,

Дін – ғылымның әкесі.

Ғылым – діннің баласы,

Дін – ғылымның көкесі» — деп ой түйеді.

     Екінші бір өлеңінде:

Жақындық сеземін,

Жерден де аспаннан.

Жылылық сеземін,

Мұздардан, тастардан.

Өмірім сірә да, арыдан басталған.

Арыдан басталып, мәңгіге тастаған,

Осымен өлмеймін, өлмейтін шығармын.

Сәл ғана мызғып ап, қайтадан тұрамын.

М. Мақатаевтың осы бір өлең жолдары әлмисақ пен қиямет аралығын қамтып жатқандай.

                                                                          Нүсіп ҚАБЫЛБЕКОВ,

еңбек ардагері.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password