«Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық партия филиалының кезектен тыс ХХІV конференциясында

Бүгін  аудандық мәслихаттың мәжіліс залында, «Нұр Отан» партиясы Райымбек аудандық партия филиалының кезектен тыс ХХІV конференциясы өтті. Конференцияға Алматы облыстық  Саяси кеңесінің мүшесі, «Өлке тынысы» ЖШС директоры  Жанәділов Мейрам Базарұлы, аудан әкімі, аудандық партия филиалының төрағасы Умаров Жолан Ыбрайахынұлы , аудандық мәслихат депутаттары, сайланған делегаттар, партияның белсенді активтері, аудандық атқарушы орган, мекеме және мемлекеттік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары, партияның «Жас Отан»ЖҚ өкілдері қатысты. Конференцияны аудан әкімі, аудандық партия филиалының төрағасы Ж.Ы.Умаров  жүргізді. Күн тәртібінде төрт мәселе қаралды.  «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығы». Жасампаздық және әлеуметтік даму кезеңі» туралы,  ҚР Президентінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Елбасының Жолдауын іске асыру барысы жайында, сондай –ақ,  «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі Бағдарламасы жобасының негізгі ережелері  кеңінен талқыланып, баяндалды.

Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалының ХХІV кезектен тыс конференциясына аудандық партия филиалынан Ж.Ы.Умаров аудандық партия филиалының төрағасы, Г.Р. Арипова аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Т.Ж.Нүсіпқожаев Алматы облыстық Саяси кеңес мүшесі ретінде ұсынылды.

Күн тәртібінде көтерілген  мәселелер толық қаралып, қаулылар қабылданып, «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалының кезектен тыс ХХІV Конференциясына Райымбек аудандық партия филиалынан ұсынылған үш делегат бір ауыздан сайланды.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password