Мониторингтік топ-карантин талаптарының сақталуын бақылайды!

          Бүгінгі эпидемиологиялық ахуал матрицасы бойынша Алматы облысы «қызыл аймақта» болып, инфекцияның таралуын болдырмау үшін бірқатар шектеу шаралары қабылданған. Салтанатты, отбасылық іс-шараларды өткізуге қатаң тыйым салынған. Дегенмен отбасылық тойлар тыйылар емес. Аудандық әкімшілік жанында жергілікті әкімшілік, жергілікті полиция қызметкерлерімен мониторингтік топ құрылған. Бұл мониторинг топтың мақсаты-коронавирус инфекциясының таралу қаупінің алдын алу мақсатында заңды және жеке тұлғалармен санитарлық-алдын алу, карантиндік іс шаралардың сақталуына мониторинг жүргізу. Аудан тұрғындары мониторингтік топтың рейдтік мониторинг жүргізетінін білуі тиіс.

         2020 жылы МТ жүргізген рейдтік шаралары барысында 22 айыппұл салынды (жеке тұлғаларға), 958 410 тг салынып, өндірілді. 2021 жылдың 4 айында 36 жинақталған іс құжаттар түсті. Оның 13 іс құжаттарына әкімшілік туралы хаттама толтырылып, 568 815 теңге көлемінде айыппұл салынды. Рейд нәтижесінде, Жамбыл, Жаңа-Текес ауылында өз үйінің ауласында құдалық, беташар отбасылық той жасап, карантин талаптарын бұзған 2 азамат анықталып, оларға  қатысты ҚР ӘКБтК-нің 425 бабының 1-бөлігіне сәйкес  құқық бұзушылық туралы айыппұл салынды. Тойды тығылып жасайтындар да баршылық. Қалада немесе басқа аудандарда тойды жасап жатыр ғой, бізде ғана рұқсат етілмейді, бізге ғана тіреліп қалады деген неше түрлі сөздерді естіп жатамыз. Ауру айтып келмейді. Індеттің қатерін білсе де, салғырттықпен қарайды. Қазіргі жағдайда той-томалақты жасаудың өзі қауіпті. Тойды алаңсыз, ешкімнен жасырмай жасайтын кезде келер. Ол үшін індетке қарсы екпені салдыртудан бастап, айтылған карантин талаптарын орындау қажет.

             Карантин талаптары барлық мекемелерде, білім беру ұйымдарында, емдеу ұйымдарында, сауда нүктелерінде, қоғамдық тамақтану орындарында сақталуы тиіс. МТ мүшелерімен рейд кезінде карантин талаптарының сақталмауы анықталса, Сізден түсініктеме алып, біздің мекемеге әкімшілік шара қолдануға жіберіледі, ары қарай айыппұл салынады.

         Құрметті аудан тұрғындары! Өзімізді және айналадағы адамдарды, отбасымызды індеттен қорғау үшін санитарлық-карантиндік және шектеу шаралары талаптарының сақталуын қамтамасыз етелік!

Ф. Ережепова,

                                         Аудандық санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау басқармасының басшысы. 

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password