Мобильді кешен

       Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Алматы облыстық медициналық ұйымдарына 12 жылжымалы медициналық кешеннің кілттерін 2020 жылдың қараша айында табыстаған.

        Бір кешен Райымбек аудандық ауруханасына да берілді.

  Мобильді диагностикалық медициналық кешен көшпелі жағдайларда көптеген диагностикалық сынақтар жүргізуге мүмкіндік береді. Диагностикалық медициналық кешен созылмалы инфекциялық емес ауруларды немесе ерте анықтау мақсатында, олардың дамуының негізгі қауіпті факторларын зерттеуге арналған.

     Диагностикалық медициналық кешен заманауи медициналық құралдармен жабдықталған:

       — Ультрадыбыстық зерттеу аппараты;

       — Гинекологиялық креслосы;

       — Көз тубін өлшеуге арналған байланыссыз тонометр, офтальмоскоп;

       — Отоскоп;

       — Рентген және флюорографиялық аппараты;

       — ЭКГ аппараты;

       — Биохимиялық және гематологиялық анализатор;

       — Арнайы санитарлық эпидемиологиялық жүйесі.

    16.03.2021 жылы диагностикалық медициналық кешен Нарынқол ауылындағы О.Жандосов мектебінің алдына қойылып, халыққа қызмет көрсете бастады.

        Енді төмендегі кестеге байланысты диагностикалық медициналық кешен Райымбек ауданының ауылдарын аралап, қызмет көрсететін болады: Наурыз айының 17, 18, 19 күндері Жамбыл – 2276 адам саны, Қаратоған – 950 адам саны, 25, 26, 29 күндері Сүмбе 2655 адам саны, 01, 02, 05 күндері Қызылшекара – 1201, Қостөбе — 150 адам саны, сәуір айның 8, 9, 12, күндері Сарыбастау 2114 адам саны, 15, 16, 19 күндері Шалкөде 2207 адам саны, Талас — 570 адам саны 22, 23, 26 күндері Қарасаз 2189 адам саны, Тұзкөл — 390 адам саны 29, 30 күндері Сарыжаз – 3740 адам саны, мамыр айының 03, 04 күндері Көмірші – 720, Ақбейіт – 190 ауылдары, 06, 07, 10 күндері Қайнар 2191 13, 14, 17 күндері Қақпақ — 1665, Көксай — 728 ауылдары, 20, 21, 24 күндері Тегістік – 968, 27, 28, 31 күндері Текес — 2897, Жаңа Текес — 320 ауылдары.

        Жалпы Райымбек ауданының адам саны РПН бойынша — 31158 адам, жоспар бойынша қаралуға тиіс тұрғындар 7790 адам.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password