Меркеде мерейленді

         Биыл 8 қараша күні елімізде статистика саласының құрылғанына 100 жыл толып отыр. Еліміздегі атаулы күннің тарихы 1920 жылғы 8 қарашада басталды. Дәл сол күннен бері кәсіби мерекелер қатарына енді. Жалпы алғанда, статистика Үкімет үшін ғана емес, қоғам үшін де маңызды. Себебі, кез келген аймақтық, ұлттық және әлемдік деңгейдегі статистика саяси және бизнес шешім қабылдауда маңызды рөл атқарады. Осыдан-ақ, бұл сала қызметкерлеріне артылған міндеттің ауқымды екендігін көруге болады.  Осыған орай аудан әкімі Нұржан Құдайбергенов кәсіби мереке қарсаңында аталған сала мамандарына арнайы қабылдау жасады. Қазіргі таңда ауданның статистика басқармасында 4 маман қызметке тартылған. Олардың арасында статистика саласына еңбегі сіңген тәжірибелі мамандармен қатар жұмысын жаңа бастаған жастар да бар. 2018 жылғы қазан айынан бастап аудандық статистика басқармасын жоғары білімді, статистика саласында 19 жылдық тәжірибесі бар, көп жыл Алматы облыстық статистика департаментінде қызмет істеген Дәулетбақова Әсел Рабатқызы абыроймен басқарып келеді. Қызығы мен қиындығы қатар жүретін қызметте бас маман Байдәулетова Жаңыл, жетекші мамандар Әлғожа Сырым мен Есімбекова Ақботалар табысты еңбек етуде. Қабылдау барысында аталған сала мамандарын аудан әкімі кәсіби мерекелерімен құттықтап, Алғыс хаттар табыс етті.

Дастан ЖАНАСЫЛ.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password