Мерекеде Мерейленді

       Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев 2016 жылы Қазақстан Халқы Ассамблеясының құрылған күні яғни, 1 наурызды «Алғыс айту» күні деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойған болатын. Осы күннен бастап, айтулы мереке елімізде әр жылы дәстүрлі түрде тойланып келеді. Алғыс айту күні бұл – Мәңгілік ел болуға бет алған ортақ тағдырлар тоғыстырған еліміздің ынтымағын берік, бірлігін бекем етуге бағытталған маңызды қадам. Бұл тағдыр тәлкегімен қазақ жеріне күштеп әкелінген түрлі этнос өкілдерінің қазақ халқына деген құрметін айқындайтын айтулы мереке. Өткен ғасырдың орта шеніндегі жағдайға орай, жер аударылған этнос өкілдерін халқымыз қамқорлық көрсетіп, қанатының астына алды.

       Жайма-шуақ көктемнің алғашқы күнімен қабаттаса келетін айтулы мейрам 1 наурыз — Алғыс айту күні аудандық Б.Мұқай атындағы мәдениет үйінде карантин талаптарын сақтай отырып, өз деңгейінде өткізілді.Аталған мәдени шараның шымылдығын аудан басшысы Нұржан Кеңесұлы алып, аудан тұрғындарын мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, Тәуелсіз еліміздің даму жолында аянбай еңбек етіп келе жатқан ауданымыздағы бірқатар қызметкерлер мен маман иелеріне мерекелік марапаттарды салтанатты түрде табыс етті. Өз кезегінде Сүмбе ауылдық ауруханасының бас дәрігері Ұйғыр ұлтының өкілі Флюра Насирова сөз алып, бауырлас қазақ халқына деген шексіз ризашылығын білдірді, және де мерекеге орай, аудан жастарының атынан Абылай Әбек аудан халқын көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтап, алғысын білдірді. Мереке аудан көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.

 Елдос Ахметжанов,

«Хантәңірі».

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password