Мереке құтты болсын!

        Құрметті ер азаматтар! Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

       Біздің отандастарымыз үшін бұл мереке батырлық пен табандылық, отансүйгіштік пен Отанға шексіз қызмет етудің нышаны. Келешек ұрпағымызға дейін Отан қорғаушылардың ерліктері ұмытылмайды. Қай дәуірде болмасын, Отан қорғау әр Қазақстан азаматының қасиетті борышы болып келеді. Қазақстан әскерлері қатарында қызмет өткеріп жүрген барлық азаматтарды, Ұлы Отан соғысы ардагерлерін, жауынгер – интернационалисттерді, кез келген уақытта Отан қорғауға даяр азаматтарымызды осы мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге тілейтінім дендеріңізге саулық, бастарыңызға бақыт, отбасыларыңызға құт-береке, еңбектеріңізге табыс, елімізге бейбітшілік пен болашаққа деген сенімділік! Мерекелеріңіз құтты болсын!

М. С. МОЛДАБАЕВ,

Кеген және Райымбек аудандарының қорғаныс істері

жөніндегі біріктірілген бөлім бастығы, майор

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password