МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

       1991 жылдың 16 желтоқсанында өз Тәуелсіздігін жариялаған жаңа Қазақстан әлем картасына Тәуелсіз ел ретінде енді. Жаңа Елтаңба, Ту, Әнұранға ие болдық.

  Еліміз өркендеп, жылдан жылға әлеуметтік жағдайымыз жақсарып, азаматтардың қауіпсіздігі және тұрақтылығы қамтамасыз етілді.

    Прокурорлық қадағалаудың дамуы мен прокуратура органдары жүйесін реформалау кезеңі Қазақстан Республикасының тәуелсіздігімен тығыз байланысты Егемендік алған күннен бастау алады.

       1991 жылдың 6-желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің «Прокуратура органдарының бірыңғай жүйесін құру, оның дербестігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету туралы» Қаулысымен Республиканың Бас Прокурорына бағынатын бірыңғай прокуратура органдарының жүйесі құрылды. Әрине, мұның бәрі қарқындап дамып келе жатқан ел тәуелсіздігі мен егемендігінің аясында жүзеге асырылуда.

        Осы орайда, Қазақстан Республикасы Прокуратурасының қалыптасуы мен дамуының тарихи мұрасын сақтап қалу мақсатында Республиканың Бас Прокурорының 25 ақпан 2004 жылғы №119 бұйрығымен 6 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Прокуратура органдарының күні мерекесі болып белгіленгендігін атап өткен жөн.

        Еліміздің алға қойған бағыттарынан таймай, қойған мақсаттарына жету жолында барлық мемлекеттік мекемелер өз үлестерін қосуда.

        Олардың ішінде прокуратура органдары.

        Прокурорлық қызметтің негізгі мақсаты – заңның үстемдігін, заңдылықтың беріктігін, азаматтардың заң шығарушы және атқарушы билік органдарының мекеме мен ұйымдардың, қоғамдық және саяси ұйымдар мен қозғалыстардың әлеуметтік-экономикалық саяси және басқа да құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету.

       1936 жылы Райымбек ауданы жеке аудан болып құрылған. Сол жылы аудандық прокуратура өз қызметін бастаған. Ол жылдары социалистік меншікті сақтау, қоғамдық тәртіптің бұзылмауын және аудандағы заңға қайшы келетін заңсыздықтарды болдырмау, болған жағдайда оларды заң жүзінде тиісті жазаға тарту мәселесімен шұғылданған.

       1939 жылы аудан прокуроры А.Оспанбеков болды. Аудан прокуроры болып 1942-1945 жылдары Д.Байменов, 1945 жылы Т.Мырзабаев, 1953-1956 жылдары Б.Малғараев, 1956- 1958 жылдары Ж.Оспанбеков, 1965-1972 жылдары Ә.Қазиев, 1983 жылға дейін О.Исаев, 1983-1987 жылдары Т.Құрманбаев, 1987-1990 жылдары К.Ботбаев, 1990-1994 жылдары А.Қалиев, 1994-1995 жылдары С.Асқаров, 1995-1997 жылдары Ә.Сайтбеков, 1997-2000 жылдары Ә.Үйсінбаев, 2000-2005 жылдары Б.Ахбанбет, 2005-2010 жылдары А.Пашаев, 2010-2012 жылдары М.Сәрпеков, 2012-2016 жылдары А.Омаров, 2016-2022 жылдары Ш.Құтелов қызмет атқарған.

       2022 жылдан бастап Райымбек ауданының прокуроры лауазымын Мырзабеков Әлібек Хажмуханұлы атқаруда. Қазіргі таңда аудан прокуратурасында аудан прокурорынан басқа 4 қызметкер жұмыс атқаруда. Олар аудан прокуратурасының аға прокуроры Абеков Талғат, аудан прокуратурасының прокуроры Рыскелдиев Мади, аудан прокуратурасының прокуроры Байбориев Нұрсұлтан, кеңсе қызметкері Тілеуберді Мадина.

        Мемлекет мүддесін жоғары қоя отырып, заңдылықты нығайту мен оның орындалуын қамтамасыз ету, құқық бұзушылық пен қылмыстық әрекеттерге қарсы күрес, сондай-ақ азаматтардың конституциялық құқығы мен бостандығын қорғау жолында аудандық прокуратураның атқарып отырған күнделікті қызметі өте ауқымды әрі күрделі.

       Қорытындылай келгенде, алдағы уақытта да аудан прокуратурасы қойылып отырған талаптарға сай азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауда, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуда, қылмыстылыққа, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте бар күшін салып қызмет атқара бермек.

        Мемлекетіміздің басқа органдары арасынан өзіне лайықты орын алып, Конституция мен заң үстемдік ететін құқықтық мелекеттің қалыптасуына қосар үлесіміз ауқымды екендігін айта келе, барлық әріптестерімізді Қазақстан Республикасы Прокуратурасы күнімен құттықтап, қызметте кәсіби шеберлік, зор денсаулық, отбастарына амандық тілеп, Егемендігіміз мәңгі болып, Тәуелсіздік туымыз желбірей берсін!,- демекпіз.

Аудандық прокуратура.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password