Мереке күндері бірқатар қоғамдық орындар жұмысын тоқтатады

Алматы облысында 12077 адам короновирус инфекциясын жұқтырған.Соның 91 жағдайы соңғы тәулікте тіркелген.Сәйкесінше, Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасының нәтижесіне сай, Алматы облысы «сары» аймақта орналасқан. Кесел өршіп тұрған Талғар, Жамбыл, Көксу, Панфилов аудандары, сонымен қатар Талдықорған, Текелі қалалары да «сары» аймақта.
Осыған байланысты,Алматы облысының бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты.Бас құжатта,балалардың ойын-сауық орталықтары, түнгі клубтар, кальян, көрмелер, букмекерлік кеңселер, караоке, PS-клубтар, боулинг,сауна қызметтері тоқталылады.Сондай-ақ, 20-24 наурыз аралығында сауда үйлері,жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлар, ашық азық-түлік емес базарлар,қоғамдық тамақтану нысандары жеткізу жұмыстарын қоспағанда,кинотеатрлар өз жұмысын уақытша тоқтатады.
Қаулы негізінде діни нысандар,түзету және білім беру орталықтарының қызметіне рұқсат етіледі.
«Облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы 2 аптада салыстыру кезінде 0,5% – дан 0,8% — ға дейін артты. Коронавирустық инфекция бойынша R саны облыс аймағында – 1,27-ні көрсетсе, республика бойынша бұл көрсеткіш- 1,21»-деді Алматы облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының у.м.а. Асхат Чарапиев.
Меруерт Ақбарова

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password