Мемлекеттік қызмет
«Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
- Осы «Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі:
- Мемлекеттік қызметті облыстардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
- Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге мыналарды жолдайды: 1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес электрондық нысан бойынша өтініш; 2) неғұрлым бағасы төмен ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне және неғұрлым бағалысына ауыстыру кезінде – ауыл шаруашылығы және су шаруашылығы саласындағы аудандар мен қалалардың келісуші уәкілетті органдарының тұжырымдары мен ұсыныстары бар түсіндірме жазба; суарылмайтын егістікті ауыл шаруашылығы алқаптарының басқа неғұрлым бағасы төмен түрлеріне ауыстыру кезінде – облыстық ауыл және су шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі уәкілетті органдардың тұжырымдары мен ұсыныстары бар түсіндірме жазба;
3) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру көзделетін жердің экспликациясы;
4) келісуші мемлекеттік органдар бөлімшелерінің өкілдері және осы жерлердің барлық мүдделі уәкілетті жер пайдаланушылары (иеленушілері) қол қойған, басқа ауыл шаруашылығы алқаптарына ауыстыру көзделетін ауыл шаруашылығы алқаптарының орналасқан жері, олардың алаңы, пайдалану түрі, ауыстыру себебі көрсетілген далалық зерттеп-қарау актісі және өзгеруге жататын анықталған ауыл шаруашылығы жерлері көрсетілген далалық зерттеп-қарау сызбасы;
5) жер учаскелерінің сапалық сипаттамасы;
6) суару жүйесінің, жайылма суару жүйесінің, суландыру құрылыстарының техникалық жай-күйі, сондай-ақ негізгі қорлардың құны туралы мәліметтер.
- Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын қажетті құжаттар мен мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес «Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында баяндалған.
Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы, жер учаскесіне ауыртпалықтың жоқтығы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы талап етеді. Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі. 6. Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және 15 (он бес) минут ішінде оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарар қоюға жолдайды. Көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
- Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 15 (он бес) минут ішінде орындаушыны – ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.
- Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органының басшысы 15 (он бес) минут ішінде жауапты орындаушыны анықтайды.
- Неғұрлым бағасы төмен ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру кезінде: 1) ауданның уәкілетті органының жауапты орындаушысы ұсынылған материалдарды қарайды, аудандық ауыл және су шаруашылығы органдарымен келіседі және келісу нәтижелері бойынша оларды қорытындылайды, қорытындыны мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін күнтізбелік 25 (жиырма бес) күн ішінде жолдайды. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне хабарлама жолдайды.
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды және күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды.
3) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін тіркейді және 15 (он бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне портал арқылы жолдайды.
- Суарылмайтын егістікті ауыл шаруашылығы алқаптарының басқа неғұрлым бағасы төменіне ауыстырған кезде:
1) ауданның уәкілетті органының жауапты орындаушысы ұсынылған материалдарды қарайды, аудандық ауыл және су шаруашылығы органдарымен келіседі және келісу нәтижелері бойынша оларды қорытындылайды, қорытынды дайындайды және күнтізбелік 12 (он екі) күн ішінде ауыстыру жөніндегі материалдарды облыстың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органына жолдайды.
2) облыстың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органының жауапты орындаушысы ұсынылған материалдарды қарайды, ауыстыру материалдарын облыстық ауыл және су шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау органдарымен келіседі, материалдарды жинақтайды, қорытынды жасайды және күнтізбелік 12 (он екі) күн ішінде ауданның уәкілетті органына жолдайды;
3) ауданның уәкілетті органының жауапты орындаушысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін дайындайды және күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жолдайды;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды және күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды; 5) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін тіркейді және 15 (он бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне портал арқылы жолдайды. 11. Суарылатын егістікті алқаптардың суарылмайтын түріне ауыстыру кезінде:
1) ауданның уәкілетті органының жауапты орындаушысы ұсынылған материалдарды қарайды, аудандық ауыл және су шаруашылығы органдарымен келіседі және келісу нәтижелері бойынша оларды қорытындылайды, қорытынды дайындайды және күнтізбелік 8 (сегіз) күн ішінде ауыстыру жөніндегі материалдарды облыстың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органына жолдайды. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне хабарлама жолдайды;
2) облыстың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органының жауапты орындаушысы ұсынылған материалдарды қарайды, ауыстыру материалдарын облыстық ауыл және су шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау органдарымен келіседі, материалдарды жинақтайды, қорытынды жасайды және күнтізбелік 8 (сегіз) күн ішінде орталық уәкілетті органға жолдайды;
3) жер қатынастары жөніндегі орталық уәкілетті орган ұсынылған материалдарды қарайды, ауыл шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келіседі және құжаттар топтамасын қорытындымен бірге облыстың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органына күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде жолдайды;
4) облыстың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органының жауапты орындаушысы жер қатынастары жөніндегі орталық уәкілетті органның тиісті қорытындысы негізінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін дайындайды және күнтізбелік 2 (екі) күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жолдайды;
5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды және күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды;
6) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін тіркейді және 15 (он бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне портал арқылы жолдайды.
- Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.
- Ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты қызметкерін дереу хабардар етеді. Бұл жағдайда ақпараттық — коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты қызметкер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.
- Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұранымға берілген теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы.
А. Дабусбаева,
Райымбек ауданы әкімі аппаратының
жалпы бөлім бас маманы.
0 Пікір