МЕМЛЕКЕТТІК  ТІЛДІҢ  ТАҒДЫРЫ  — ӨЗ  ҚОЛЫМЫЗДА  

    Мемлекеттік  тілдің  тағдыры  бүгінде  көпшілікті  толғандырып  жүрген  мәселелердің  бірі.       Мемлекеттік  тіл  ел  тұтастығының  ең  басты  кепілі.  Ол  еліміздің   халқын  біріктіретін,  ортақ  іске  жұмылдыратын,  елге  деген  перзенттік  ықыласты  қалыптастыратын  бірден-бір  құрал.  Бір  тілде  сөйлемеген  халық  бір  шаңыраққа  біріге  алмайды  десек  артық  айтпаған  болар   едік.

         Көрнекі  сөз   зергері  Ғ.Мүсіреповтың:  «Қай  халықтың  болса да  қоғамдық  өсу-өркендеу  жолында  көтеріле  алған  биігі  мәңгілік  болып  ана   тілінде  сақталып  отырады.  Қай  халықтың  болса да  ақыл –ой  тереңдігі,   сана  сезімі,  сергектігі  көп  салалармен  тармақтана,  молыға  келіп,  тағы да  сол   ана тілінің  алтын  қорына  қосыла  береді,   ажарлана  береді.   Қай  халықтың  болса  да   басынан  өткен  дәуірлері, қилы-қилы  кезеңдері  ана  тілінде  із  қалдырмай   өте  алмайды.  Ана  тілі   ғасырлар  бойында  жасала  да  береді,  жасара  да  береді.   Тіл   диалектикасы-  жасаған   сайын  жасара  беруінде.   Ана тілі  дегеніміз-сол тілді  жасаған,   жасап  келе  жатқан  халықтың  мәңгілігінің  мәңгілік  мәселесі.  Ана тілін  тек  өгей ұлдары  ғана   менсінбейді,   өгей  ұлдары  ғана   аяққа  басады. Ана  тілін  ұмытқан  адам  өз  халқының  өткенінен  де,  болашағынан да  қол  үзеді», -деген.

Б.Б.ӘУЕЛБЕКОВ,

Райымбек аудандық сотының

кеңсе меңгерушісі.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password