Мемлекет басшысының құттықтауы

       Қазақстан Республикасының Президенті ҚасымЖомарт Тоқаев «Мұқағали» журналының бас редакторы Батық Мәжитұлын 70 жасқа толған мерейтойымен құттықтады. Аталған құттықтауды Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров мерейтой иесіне табыстады. Құттықтау мәтіні былайша мазмұндалған:

       Құрметті Батық Мәжитұлы!

       Сізді 70 жасқа толған мерейтойыңызбен құттықтаймын!

       Сіз осы мерейлі белеске журналистік қызметтің үлкен мектебінен өткен қарымды қаламгер, қоғам қайраткері ретінде қадам басып тұрсыз. Жетісу өңірінің аудандық газеттерінде, одан кейін республикалық басылымдарда еселі еңбек етіп, мол тәжірибе жинақтадыңыз. Сіздің қаламыңыздан шыққан жыр жинақтары еліміздің әдеби қазынасын толықтыра түсті.

        Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен мол мұрасын насихаттауға бағытталған «Мұқағали» журналын оқырмандардың жоғары талғамына сай етіп шығару үшін бар күш-қайратыңызды арнап келесіз. Бұл басылымда танымдық мақалалар, естеліктер мен эсселер жариялау арқылы мұқағалитану ғылымына негіз қалап отырсыздар. Қолға алған істеріңіз нәтижелі болып, осы бағыттағы игілікті істеріңізге сәттілік серік болсын!

       Бүгінгі мерейлі күнде өзіңізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, шығармашылық табыс және отбасыңызға құт-береке тілеймін.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ,

Қазақстан Республикасының Президенті.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password