
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Республикалық «Ана тілі» басылымына берген сұхбатында халықты толғандырып жүрген бірқатар мәселелердің мән-жайы туралы әңгімелер тілге тиек болды. Соның ішінде ұлтымыз үшін ең қымбат ана тіліміз жайлы ойы мені қатты толқытты. Әрине, тіл мәселесіне бей-жай қарауға болмайтыны белгілі. Тіл мәселесіне немқұрайлық танытсақ мемлекеттігіміз бен ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіріп алуымыз мүмкін. Аталған сұхбатта мемлекет басшысы атап өткен қазақ тілін біртіндеп дамытудың жолдары өте ойға қонымды. Осы сөз болған тілді дамыту жолдарын әрбір қазақстандық бұлжытпай орындаса қазақ тілінің мәртебесі күн санап өсері анық. Ана тіліміздің мәртебесі өссе ұлтымыздың да беделі асқақтайды. Осы орайда мемлекет басшысының ана тіліміз туралы айтқан ойын қос қолдап қолдаймын.
Олжас Қиясұлы,
Шалкөде ауылдық округі әкімдігінің жетекші маманы.
0 Пікір