Марапаттар табыс етілді

    Аудан әкімі Нұржан Құдайбергенов ауданымызда табысты қызмет етіп жүрген және ауданның дамуына өз үлестерін қосып жүрген бірқатар азаматтар мен азаматшаларды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай мереке қарсаңында марапаттады. Атап айтсақ зейнеткер ұстаз, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Нөкеев Әділжан Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысын алды. Сондай-ақ, Ботабекова Ләззат, Нұрдәулетов Мәдени, Қойлыбаев Бек, Әділбеков Нұрғалымдар «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. Сатылғанов Самат, Оралқұлов Нұрлан, Құрақбайұлы Хайролла Алматы облысы әкімінің Құрмет грамотасын алды. Рақымбеков Қасымжан мен Сақанұлы Миятжан Алматы облысы әкімінің Алғысын иеленді. Осы орайда Мұқи Жантелі мен Спатаев Тимурға «Райымбек ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді. Бестібаев Дәрмен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің Құрмет грамотасымен, Қуанов Бақыт Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының Құрмет грамотасын алды. Жайлаубаев Еркінжан Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының Алғыс хатын иеленді. Сүмбе ауылдық округі Алматы облысының ІІІ-дәрежелі Дипломымен марапатталды. Сонымен қатар, Мұқи Жантелі мен Бозбашаев Дүйсенбек «Алматы облысы спортының дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісін кеуделеріне тақты. Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі мемлекеттік мекемесінің басшысы Ақылов Талғат «Алматы облысының үздік спорт қызметкері» төсбелгісін алды. Нүсіпәлиев Бекжанға Аудан әкімінің Алғыс хатын табыс етіп иығына шапан жапты.

         Марапат иелерінің барлығы аудан үшін аянбай еңбек етіп жүрген аудан жанашырлары. Н. Құдайбергенов жиынға қатысушыларға жақсы тілегін айтып, мерекемен құттықтады. Өз кезегінде сөз тізгінін алған Нөкеев Әділжан, Ботабекова Ләззат, Спатаев Тимурлар туған жерде алған марапаттың орны бөлек болатынын айтты. Жерлестеріне және аудан басшысына алғыстарын айтып, жақсы күндерде жолығысуды тіледі.

«ХАНТӘҢІРІ».

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password