МАМАНДЫҒЫМ – МАҚТАНЫШЫМ

       Кітап – рухани азық, адамзат үшін баға жетпес байлық. Сол себепті әлеуметтік желінің қарыштап тұрған шағында да кітаптың оқырман үшін алар еншісі бөлек. Киелі Нарынқол өңірі еншісін алып, аудан мәртебесін иеленгелі бері аудандық кітапхана оқырмандары үшін үздіксіз жұмыс жүргізіп келеді. Қазіргі таңда кітаптың 29 907 қоры бар аудандық кітапхана аспантаулар өлкесінің жұртшылығына рухани азық болып отыр. 1325 оқырманы бар рухани орданың шаңырағында 3 жылдан аса жемісті еңбек етіп, оқырмандары үшін үздіксіз жұмыс жасап келе жатқан Айтолқын Еркінқызының есімі ерекше.аудандық кітапханаға бас сұққан оқырмандар мен арнайы келген қадірменді қонақтарға сөредегі тұрған ақын-жазушылар мен тарихи деректерден сыр шертетін мол мұраларды таныстырып, келушілердің ықыласына бөленіп келеді. Біз тілге тиек етіп отырған өз ісінің шебер маманы 2017-18 жылдары осы шаңырақта оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі, 2018 жылдан бастап кітапхананың әдіскер-редакторы болып қызмет етіп келеді. Сонымен қатар, өз мамандығын ұршықша иіретін А. Өтеміс ұжымның ортасында ерекше беделге ие бола отыра, өз біліктілігі мен білімінің арқасында аудандық, облыстық деңгейлерде алғыс хат, мақтау қағаздарымен, сондай-ақ арнайы тағайындалған сертификаттармен марапатталды.

Елдос АХМЕТЖАН,

«Хантәңірі».

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password