МАЛ  БОРДАҚЫЛАУ  МАҢЫЗДЫ

     Өткен жылы Райымбек ауданына жалпы көлемі 5 414 миллион теңгеден астам инвестиция тартылды. Осының бір бөлігі аудан аумағынан мал бордақылайтын алаң құрылысын жүзеге асырғандардың үлесінде.

    Сарыжаз ауылдық округінен «Лабасы – А» атты кооператив 200 басқа арналған мал бордақылау алаңының құрылыс жұмыстарын аяқтады. 36 миллион теңге қаражат жұмсалған бұл нысан өз жемісін бере бастайтын болады. Аталған мал бордақылау алаңы 6 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. «Alatau aqro» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қарасаз ауылдық өңірінен 500 басқа арналған мал бордақылау алаңының жұмысын толығымен аяқтады. Бұл құрылым қазіргі таңда 12 адамды жұмыспен қамтыды. Осы округ аумағынан тағы да бір іргелі мал бордақылайтын алаң жүзеге асырылды. Атап айтқанда, «Рауан Реппродуктор» ЖШС-і жобалық құны 180 миллион теңге тұратын 1000 басқа арналған мал бордақылайтын алаңды іске асырды. Тиісті құжаттары рәсімделіп, толықтай іске қосылғаннан кейін мұнда 20 адам еңбек ететін болады.

                                                                           Қанат БІРЖАНСАЛ.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password