Маңызы зор шара

      Алғашқы құрылған күнінен бастап, «Nur Otan» партиясы баршаны ортақ іске ұйымдастырып, қиын кезеңдерде елді соңынан ерте білді, билеуші партия ретінде қалыптасты. Осы уақыттарда партияның ел үшін еткен еңбегі мен дамуына үлкен серпін бола білді. Пандемия уақытында саяси партия өңірдегі басты мәселелерге ден қойып, оның алдағы уақытта да жүзеге асуына барынша көмек қолын созды. Қазіргі уақытта партияның алдында жаңа міндеттер мен атқарылар ауқымды істер тұр. Осы орайда, экономиканы одан ары өркендету, халықтың тұрмысы мен әл-ауқатын жақсарту, әлеуметтік салаларды дамыту – мемлекеттік және партиялық маңызды бағдарламалардың тікелей жалғасы болмақ.

       Бүгін партияның құрылған күні мен және 1-наурыз Алғыс айту мерекесіне орай, аудандық мәслихат хатшысы Ерлан Құдабаев және аудандық мәслихат депутаттары Гүлнара Арипова, Бек Қойлыбаев және Күмісгүл Қошмұратова және Нарынқол БПҰ төрағасы Амангелді Шенебеков Нарынқол ауылында әр санаттағы отбасылардың шаңырағында болып, ауданның даму жолында қосқан үлестері үшін алғыстарын айтты. Осы ауылдың тұрғыны, ғұмырының 40 жылын ұстаздық арнап, шәкірт тәрбиелеу жолында аянбай еңбек еткен, білім беру ісінің үздігі, ардақты ұстаз Құдайберген Ноғайбаевтың шаңырағында болып, көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтады. Балалық шағы соғыс жылдарымен тұспатұс келген апамыз Сталин колхозында масақ теріп, таудан қарағай тартып оны шөлкелеп елге таратқан.

       4 қыз бен 6 ұлды тәрбиелеп өсірген асыл анамыз Рабиға Ботамолдаева апамыздың үйінде болып, ақ жүзді әжеміздің батасын алып қайтты.

     Ауданымыздың дамуына үлес қосып жүрген Кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша 1 млн. теңге грант алып Қытайда алған білімімен Нарынқол ауылынан аяқ киім тігінханасын ашып кәсібінен нәсібін тауып отырған Орынкүл Баратжан апайымыздың тігінханасында болып, қолдан жасаған жұмыстарын көзімізбен көріп, дән-риза болдық. Өз кезегінде аудандық маслихат депутаттары тәтемізді көктемнің алғашқы жайма-шуақ мерекесімен құттықтады, сонымен қатар,істеген жұмысына табыс тілеп, өз алғысыстарын айтты. Сондай-ақ, таулы өңірдегі үлгілі отбасылардың бірі болып табылатын, бүгінгі таңда жеті бала тәрбиелеп отырған жас отбасы Тұрсынбек Шекиров ағамыздың шаңырақтарында болып, аудан үшін атқарған қызметтеріне алғыстарын айтты.

     Игілікті істі әрмен қарай жалғамақ ниетпен, партия мүшелі мен маслихат депутаттары мереке қарсаңында Сүмбе ауылының тұрғыны, қарт майдангер Тұрған Оласановтың шаңырағына бас сұқты. Отан үшін кеудесін отқа тосқан ардагерді алғыс айту мерекесімен құттықтады. Кездесуде жастық жалынын ұрлаған сұрапыл соғыс атамыздың ғана емес, елімізге де зобалаң әкелгендігін жасырмады. Т. Оласанов өз кезегінде меркемен құттықтап келген депутаттардыың жұмыстарына табыс тілей отырып, ақ батасын берді. Сонымен қатар, Қызылшекара ауылың тұрғыны, осы ауылдағы абыз ана, одақ тұсында аудан үшін абыройлы қызмет істеген ардақты жан Күлбара Бәйшебаева анамыздың шаңырағында болды. Одақ тұсында беделді қызмет істеп, «К – 100» тракторын тізгіндеген апамызды келген мейрамымен құттықтап қайттық. Озат механизатор атанған анамыз шаңырағына келген қонақтарға өз алғысын жаудырып, депутаттарға ризашылығын жасырмады.

       Бірлігіміз нығайып, берекеміз арта берсін. Елбасымен бірге – ел қуатын еселеуге жұмыла ат салысайық. Ол — біздің Отан алдындағы азаматтық парызымыз, келешегіміздің кепілі. Берекеміз берік болса, болашағымыздың баянды болатыны сөзсіз.

Өз тілшіміз.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password