МАҢЫЗДЫ ҚҰЖАТ

         Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында әлеуметтік-экономикалық маңызы зор мәселелерді қозғады. Қазақстан — әлеуметтік мемлекет екенін айта келе, мемлекетіміздің пандемиядан кейінгі экономикалық даму жағдайына тоқталды. Қазір бүкіл әлемде пандемиямен күрес және індеттің зардабын тілге тиек жасаған Қасым-Жомарт Кемелұлы адам өмірінің қымбат екенін, біздің әлі де кез-келген қиындыққа дайын болуымыз керектігіне айрықша тоқталды. Сонымен бірге Қазақстан жерінде ауа райының қолайсыздығы, ауылдық жерде жем-шөп дайындау, мал жаятын жерлерді ұлғайту, егіс алқабына тиісті бақылауды күшейту қажеттігін де көпшілік назарына ұсынды.

      Еліміздегі ең төменгі жалақы деңгейін қайта қарастыру уақыт талабы екендігін айтқан ол, 2022 жылдың басынан ең төменгі табыс көлемін 42500 теңгеден 60000 теңгеге дейін көтеруді құзырлы орындарға тапсырды. Адамдарды тіліне, ұлтына, нәсіліне қарап кемсітуге, біреудің намысына тиюге жол берілмейтіндігін басты назарда ұстайтындығымызды ескертті. Қалай дегенмен де «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты бұл жолғы Жолдау республика жұртшылығының көкейінде жүрген түйткілді мәселелердің оңтайлы шешілуіне жол ашқан бағыты айқын бірден-бір маңызды құжат болғаны анық.

Балжан ОМАРОВА,

аудандық Аналар кеңесінің төрайымы,

Райымбек ауданының Құрметті азаматы.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password