Маңызды мәселелер көтерілді  

     Жуырда аудан әкімдігінде аудандық Қоғамдық кеңесінің кезекті X отырысы болып өтті. Бұл отырысқа аудан әкімі Құдайбергенов Нұржан Кеңесұлы, ауылдық округтердің әкімдері, мектеп директорлары, БАҚ өкілдері қатысты. Жиынның күн тәртібінде төмендегі  мәселелер  ұсынылды:

  1. Ауданның білім саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар және балалардың жазғы кезеңдерде бос уақытын тиімді өткізу туралы (қайта қаралу).

Хабарламашы:Үмбеталиев Саят Ерсайынұлы- «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

Жастар және діністері мәселесі.

Хабарламашы: Жансанбай Сыдық – «Алматы

облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік

 мекемесінің «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу

 орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

 жетекшісі.

Хабарламашы: Абдурахман Ақерке Кенжебекқызы–

Райымбек ауданының жастар ресурстық

орталығының маманы.

  1. Райымбек ауданы аумағында тұрмыстық қаттықалдықтары полигондарының жағдайы туралы (қайта қаралу).

Хабарламашы: Б.Қаратаев – ауданның «Тұрғын үй

 коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй

 инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

 басшысының міндетін уақытша атқарушы.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша хабарлама жасау үшін сөз «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Үмбеталиев Саят Ерсайынұлына берілді. Бұл мәселе бойынша С. Ерсайынұлына қоғамдық кеңес мүшелері біраз сын-ескертпелер айтты. Сонымен қатар, аудандық аналар кеңесінің төрайымы, зейнеткер ұстаз Балжан Омарова жұмысты ширату керек екендігін баса айтты. «Ауданның білім саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар және балалардың жазғы кезеңдерде бос уақытын тиімді өткізу туралы» мәселе бойынша «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Үмбеталиев Саяттың хабарламасы назарға алынды. Білім саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстары жақсартылсын деген шешім қабылданды. Шешімнің орындалуы «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Үмбеталиев Саят Ерсайынұлына тапсырылды.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе «Жастар және дін істері мәселесі» себепті жағдайлармен келесі отырысқа шегерілді.

Күн тәртібіндегі «Райымбек ауданы аумағында тұрмыстық қатты қалдықтары полигондарының жағдайы туралы» мәселе бойынша хабарлама жасау үшін сөз–ауданның «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін уақытша атқарушы Қаратаев Беглан Бағдатұлына берілді. «Райымбек ауданы аумағында тұрмыстық қатты қалдықтары полигондарының жағдайы туралы» мәселе бойынша тиісті Заңнамаларға сәйкес мәслихат қарауына ұсынылды. Күн тәртібіндегі мәселелер толығымен қаралып тиісті шешімдер қабылданды.

«ХАНТӘҢІРІ».

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password