МӘМС Қорына 38,3 млн. теңге қайтарылды

    Алматы облысы тұрғындарына биылғы жылдың он айында көрсетілген медициналық көмек сапасын бақылау барысында 63 мыңнан астам қызметтің түрлі кемшіліктермен орындалғаны анықталып, нәтижесінде облыстағы емдеу мекемелеріне 976 млн. теңгеден астам айыппұл салынды.
Кемшіліктердің басым бөлігі медициналық көмек көрсету стандарттарынан ауытқу (64%), деректердің ақпараттық жүйелерге қате енгізілуі (28,6%), және клиникалық шығындар тобындағы салмақтық коэффициентінің ақаулықтары (4,8%) бойынша анықталды.
Сонымен қатар, жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша Шарт талаптарының орындалмаған жағдайлары тіркеліп, 38,3 млн. теңге қаржы Қорға қайтарылды.
«Қор жұмысының басты бағыттарының бірі — халықпен кері байланыс орнату және пациенттердің құқықтарын қорғау. Аралық қорытынды нәтижелері бойынша Қордың ресми кері байланыс арналары арқылы 1406 байланыс орталығы, «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасы, Қордың сайты www.fms.kz, Saqtandyry-Bot Telegram-арнасы, денсаулық сақтау министрінің блогы мен денсаулық сақтау министрлігінің веб-сайтына 44 263 өтініш түсті»,-дейді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Алматы облысы бойынша филиалының директоры — Нұрлан Отарғалиев.
Өтініштердің негізгі үлесі түсіндіру мен консультацияларды талап ететін мәселелерге тиесілі – бұл азаматтардың 93,4% өтініштерін құрайды. 3,1% — науқастардың шағымы. Қалған 3,5% — алғыстар, ұсыныстар мен уақытша сақтандыру мәртебесін тағайындау бойынша өтініштер.
Облыста халықты МӘМС жүйесімен қамту бойынша жұмыс үздіксіз жүргізілуде, соңғы мәліметтерге сүйенетін болсақ, облыс бойынша 1 577 741 адам немесе халықтың 75,0%-ы ғана сақтандырылған. МӘМС жүйесінен тыс облыстың 524 797 тұрғыны қалып отыр. Бұл халықтың осы бөлігінің, яғни сақтандырылмаған жағдайда, МӘМС аясындағы медициналық қызметтеріне қол жеткізе алмайтындығын атап өту қажет. Алайда, олар әрқашан тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қызметтерді алуға құқылы.
Айта кетейік, Алматы облысындағы МӘМС қорының 80 медициналық мекеме филиалымен 80 медициналық мекеме келісім шарқа отырған. Оның ішінде 34-і жеке меншік медициналық ұйымдар. Бұл 42,5%-ды құрайды.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password