МӘДЕНИЕТ САЛАСЫ БАСТЫ НАЗАРДА

      Сарыбастау ауылында мәдениет саласының жұмысын ілгерілету жақсы жолға қойылған. Ауылдағы мәдениет үйінде бүгінгі таңда 5 адам тұрақты жұмыс істейді. Тыныбаева Гүлнар Молдашқызы 13 жылдан бері табан аудармай осы өнер ошағын басқарып келеді. Бұл уақыт ішінде толайым табыстарға жетіп, ауыл өнерпаздары биіктерден көрініп жүр. Аталған мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Нүсіпов Елжас Нұрмұқанұлы үлкен ізденіс үстінде еңбек етуде. Сонымен қатар, Ақылдасов Ерғанат, Тыныбаева Гүлдария, Төкебаев Сержандар өз жұмыстарын жоғарғы деңгейде атқарып келеді. Бүгінде ауылдық мәдениет үйінің жанынан тұрақты алты үйірме жұмыс жасап, талантты өнерпаздар биік белестерді бағындыруда. Атап айтқанда, домбыра үйірмесінің жетекшісі Тыныбаева Гүлнар, эстрада-вокал үйірмесінің жетекшісі Нүсіпов Елжас, би үйірмесінің жетекшісі Ыдырысова Айнагүл, сурет үйірмесінің жетекшісі Ибраймова Балауса, қолөнер үйірмесінің жетекшісі Турлекиева Гүлзира, «Шежіре, өнер-тәлім отауы» үйірмесі-аталар мен апалардан құралған қолөнер, тәлім-тәрбие беру үйірмесі. Ұлт мәдениетінің мызғымас бөлшегіне айналған өнерпаз жастар бүгінде толағай табыстарға жетіп жерлестерін қуантып жүр. Талантты өрендер ауылдың ғана емес аудан мерейін асқақтатуда.
    Мәдениет үйінің жанынан құрылған «Ақкер» әжелер ансамблі 16 жылдан бері жұмыс жасайды. Құрамында 15 әже болған. Көшіп, қайтыс болуына байланысты бүгінгі күні 13 әже бар. Әжелеріміз облыстық, аудандық байқаулардың үздігі, «Ұлағатты Ұрпақ» қорының демеушілігімен ЭКСПО-2017 көрмесіне барып саяхаттап қайтты. Мәдениет үйі 2017 жылы Облыстық мәдениет архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген «Ауылым алтын бесігім» атты байқауда жүлделі 1-орынға ие болып 3 000 000 (үш миллион) теңге тұратын дыбыс күшейткіш аппаратура сыйға алса, 2020 жылы дәл осы тақырыпта ұйымдастырылған облыстық «Ауылым алтын бесігім» байқауына қашықтықтан (онлайн) қатысып тағы да жүлделі орын алып сыйлыққа дыбыс күшейткіш аппаратура комплектісін жеңіп алды. Бұл мәдениет үйі қызметкерлері мен үйірме мүшелері және әжелердің ерен еңбегінің жемісі. Ендеше ауыл өнерпаздары биік белестерді бағындыра берсін демекпіз.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password