МҰҚАТАЙ МҰРАТЫ ӨМІРДЕРЕК

        Жылқайдарұлы Мұқатай — 1938 жылы 15 желтоқсанда Нарынқол ауданы, Сарыжаз ауылында дүниеге келген. 1945 жылы сол Сарыжаз ауылында мектепке барған. 1957 жылы мектепті бітірген соң Нарынқол ауданының «Советтік шека — ра» газетінде жұмысқа орналасады. 1958 жылы Қазақ педагогика институтының филология факультетіне оқуға түседі. 1960-1961 жылдары «Советтік шекара» газетінде; 1961-1962 жылдары Мойынқұм аудандық газетінде және Қарағандының «Арқа еңбеккері» газетінде тілші болып еңбек етеді. Ақтоғай ауданында тұрады; 1962- 1963 жылдары Панфилов ауданында автоклуб меңгерушісі болып жұмыс істейді.

         1963-1966 жылдары Алматы облысының Ақсу ауданында; 1966-1967 жылдары Семей облысының Шұбартау ауданында қызмет атқарады. Бір жылдай Қарағандының Қарағайлы, Қаражол елді мекендерінде тұрады. 1969-1973 жылдары, Торғай облысының Есіл қаласында, Павлодардың Шідертісінде болады. 1979- 1981 жылдары Алматыда, Талғарда; 1981-1982 жылдары Жамбыл облысында; 1983-1990 жылға дейін Алматы облысының Кеген елді мекенінде аудандық газетте тілші болып еңбек етеді. 1990 жылы қарашаның 12 күні өмірден озды.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password